О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 27 декабря 2019 года № 60/2-VI «О районном бюджете района Алтай на 2020-2022 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 27 декабря 2019 года № 60/2-VI «О районном бюджете района Алтай на 2020-2022 годы»
- Атауы (қаз.)
- «2020-2022 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 60/2-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 65/2-VI
- Қабылданған күні
- 16.04.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 141918_508393.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VL006930
- ЭКБ идентификаторы
- 141918
- Редакция идентификаторы
- 141918_508393
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:58
0 «2020-2022 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 60/2-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «2020-2022 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 60/2- VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6471 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
6- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 - бабының 9 - тармағына сәйкес, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер қарастырылсын.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.».