О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 сентября 2019 года № 770 «Об утверждении Инструкции по авиационной поисково-спасательной службе государственной авиации Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 сентября 2019 года № 770 «Об утверждении Инструкции по авиационной поисково-спасательной службе государственной авиации Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйтегі № 770 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 467
- Қабылданған күні
- 21.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2020 146651_482553.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021259
- ЭКБ идентификаторы
- 146651
- Редакция идентификаторы
- 146651_482553
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:43
0 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы
27 қыркүйтегі № 770 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйтегі № 770 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 19447 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулыққа:
3) тармақшада 7 тармағында:мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиациялық қызметінің директорына;»;
1) тармақшада 34 тармағында:мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиациялық қызметі, радиотехникалық бөлімдерінің байланыс және радиопеленгілеу тораптарында ұшуды радиобайланыспен және радиожарық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының регламенттерінде көрсетілген қысқа радиотолқындарда, радиопеленгілеу жиіліктерінде – тәулік бойы;».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті