О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 112 «О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 112 «О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации»
- Атауы (қаз.)
- «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 163
- Қабылданған күні
- 28.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2020 142332_458274.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020518
- ЭКБ идентификаторы
- 142332
- Редакция идентификаторы
- 142332_458274
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:44
0 «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20177 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 30 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына бензинді, авиациялық және дизель отындарын (СЭҚ ТН кодтары 2710 12 411 0 – 2710 12 590 0, 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0) теміржол көлігімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарлауды;
2 2) «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті