О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях»
- Атауы (қаз.)
- «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 31.01.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 31.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2025 209295_754544.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000033
- ЭКБ идентификаторы
- 209295
- Редакция идентификаторы
- 209295_754544
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:15
0 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-13-тармақпен толықтырылсын:
«3-13. Үлесінің жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың азаймайтын қорын толықтыру мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша жарғылық капиталдағы мемлекеттік қатысу үлесіне дивидендтер (таза табыс бөлігін) төлеуден босатылады.
«СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етсін.».