Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях»

Қаулы · № 159 · қабылданған 19.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-142/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях» Қолданыста Қаулы ·№ 159 ·19.03.2025
19.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях»

Қолданыста Қаулы ·№ 159 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях»
Атауы (қаз.)
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
159
Қабылданған күні
19.03.2025
Қолданысқа енгізілген күні
19.03.2025
Көрсетілген редакция
19.03.2025 208334_749675.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000159
ЭКБ идентификаторы
208334
Редакция идентификаторы
208334_749675
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:31

0 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 3-13-тармақпен толықтырылсын:
«3-13. Акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін, сондай-ақ «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы сүйемелдейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басқа да ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңғырту мақсатында 2024 – 2026 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтер төлеуден босатылады.
«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды 2025 – 2027 жылдар аралығында 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде жыл сайын хабардар етіп тұрсын.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы