О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 157 «Об утверждении Типового договора на субсидирование ставок купонного вознаграждения по облигациям перевозчика, выпущенным в целях развития магистральной железнодорожной сети и подвижного состава железнодорожного транспорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 157 «Об утверждении Типового договора на субсидирование ставок купонного вознаграждения по облигациям перевозчика, выпущенным в целях развития магистральной железнодорожной сети и подвижного состава железнодорожного транспорта»
- Атауы (қаз.)
- «Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндітін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 499
- Қабылданған күні
- 17.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2021 158862_539322.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024474
- ЭКБ идентификаторы
- 158862
- Редакция идентификаторы
- 158862_539322
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:40
0
«Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндітін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндітін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарт бекітілсін»;
көрсетілген бекітілген бұйрықпен Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарт»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Субсидиялау сомасы «Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Субсидиялау) бойынша көзделуге тиіс.
Тасымалдаушының купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуге арналған шығыстары тасымалдаушының қаржылық жағдайын ескере отырып, жыл сайын қайта қаралады және тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде субсидияланады.
Шарттың талаптарына сәйкес субсидиялар көлемдерін тиісті жылға арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде қайта қарауға жол беріледі.».