Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 апреля 2020 года № 164 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов для участия в конкурсе по присуждению образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Бұйрық · № 21 · қабылданған 30.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-164-ekb-178452/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 апреля 2020 года № 164 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов для участия в конкурсе по присуждению образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» Қолданыста Бұйрық ·№ 21 ·30.01.2023
30.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 апреля 2020 года № 164 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов для участия в конкурсе по присуждению образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 21 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 апреля 2020 года № 164 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов для участия в конкурсе по присуждению образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Атауы (қаз.)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
30.01.2023
Көрсетілген редакция
30.01.2023 178452_619985.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031823
ЭКБ идентификаторы
178452
Редакция идентификаторы
178452_619985
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:31

0

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Цифрлық даму, инновациялық
және аэроғарыштық өнеркәсіп
Қазақстан Республикасының
министрлігі

0 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 30 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі
№ 164 бұйрығымен
бекітілген
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының құжаттарды қабылдау тәртібін айқындайды.

2

2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

3 3. Құжаттарды қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізуді ұйымдастыру үшін педагогикалық қызметкерлер, әкімшілік-басқару және оқу-көмекші қызметкерлер қатарынан қабылдау комиссиясы құрылады

Қабылдау комиссиясының құрамына қабылдау комиссиясының төрағасы, техникалық хатшы, тіркеушілер, Зияткерлік мектептің сыртқы және ішкі аумағындағы кезекшілер, аудитория бойынша кезекшілер, аудитория бойынша әкімшілер, мейіргер, ақпараттық технология бойынша маман кіреді.

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнамасы бар өтініш ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен құжаттарды қабылдаған күні көрсетілген қолхат береді.

5

5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдайды және оларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Құжаттар сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) күн ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттама береді.
Конкурсқа қатысуға арналған рұқсаттаманың екі данасына және қолхатқа тіркеуші, заңды өкіл және/немесе үміткер алдын ала қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен/мөртабанымен расталады. Қол және мөр/мөртабан қойылмаған рұқсаттама жарамсыз болып табылады. Рұқсаттаманың бір данасы мен қолхатты тіркеуші үміткердің жеке ісіне тігеді, рұқсаттаманың екінші данасы үміткерге не оның заңды өкіліне тапсырылады.
Техникалық хатшы құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде мәліметтерді енгізу жолымен Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасында (бұдан әрі - БАБО) үміткерлердің деректер базасын қалыптастырады және үміткерлерді БАБО-ға аудиториялар бойынша бөледі.
Көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қаулының 7-тармағында және осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

6

6. Қабылдау комиссиясының төрағасы емтихан материалдарын қалыптастыру және буып-түю үшін тестілеу аудиторияларындағы үміткерлердің саны туралы ақпаратты 7-сынып үшін конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 40 (қырық) күн және 8, 9 және 11-сыныптар үшін конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын ұсынады.

7

7. Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) белгіленген мерзімдерден кеш конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтініш берген, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

8 8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне шағымдану тәртібі

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде оң шешім қабылдаған жағдайда шағымда көрсетілген талаптарға толық сәйкес келетін әрекет жасаған шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

10 10. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

12 12. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу және іс жүргізу кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға жол беріледі.

1 Өтініш

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
Қабылдау комиссиясына ата-анадан және өзгеде заңды өкілден
Тегі__________ Аты_________ Әкесінің аты ________
Тұрақты тіркелген мекенжайы_______________
Тұрғылықты (нақты) тұратын мекенжайы
__________________________________________
Телефон нөмірі ______________________
Жеке куәлік № _____________________
Берген (кім және қашан) _____________________
Өтініш
Менің балам _____________________________________________________________
(Т.А.Ә., толық)
туған жылы________, _____________________қаласындағы _________________ бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқыту __________тілінде жүргізілетін ___ сыныбында оқу үшін өткізілетін конкурстық іріктеуге қатысуына рұқсат беруіңізді сұраймын.
Осымен менің балам бөлінген гранттар шегінде оқу үшін конкурсқа осы мектепке берген өтінішпен қатысатыны туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидаларының және оның мөлшерлерінің талаптарымен танысқанымды растаймын.
________________ «____» __________________________
(қолы) (өтінішті тапсыру күні)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарында оқуға үміткердің сауалнамасы
____________________________________________________________________
Тегі (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша) _________________________________________________________________________
Аты/ Әкесінің аты/ (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша)
Аза­мат­тығы
Ту­ған кү­ні
Ұл­ты
Кон­кур­сқа қа­ты­су үшін таң­да­ған На­зар­ба­ев Зи­ят­кер­лік мек­те­бі
Сы­нып
_______________________________
бо­лжа­нып отыр­ған оқу сы­ны­бын көр­се­ті­ңіз
Оқу ті­лі
_______________________________
бо­лжа­нып отыр­ған оқу ті­лін көр­се­ті­ңіз
Қай мек­теп­тен кел­ді
_______________________________
Мек­теп­тің то­лық ата­уы мен ор­на­лас­қан же­рі
Бай­ла­ныс де­ректе­рі
үй те­ле­фо­ны ________________
ұя­лы те­ле­фо­ны ______________
e-mail ______________________
___________________
Заңды өкілдің қолы/Подпись законного представителя
Табельдердің жылдық орташа балы
Сы­ны­бы
Ор­та­ша ба­лы
Ата-аналары, қамқоршылары туралы мәліметтер:
Туы­сқан­дық дә­ре­же­сі/
Әке­сі
Ана­сы
Қам­қор­шы­ла­ры
Аты-жө­ні, ту­ған жы­лы
Жұ­мыс/оқу ор­ны, қыз­ме­ті
Үй, жұ­мыс те­ле­фо­ны, жер­гі­лік­ті жер ко­ды
Мекенжай мәліметтері*
Тұр­ғы­лық­ты ор­ны­ның то­лық ме­кен­жайы (об­лыс, қа­ла, аудан, ауыл, кө­ше, үй, пәтер)/
_____________________________________________
Тір­кел­ген ор­ны­ның то­лық ме­кен­жайы (об­лыс, қа­ла, аудан, ауыл, кө­ше, үй, пәтер)/
_____________________________________________
* Байланыс, мекенжай деректеріңіз өзгерген жағдайда 5 күн аралығында қабылдау комиссиясының мүшелерін ескерту қажет
_____________________________________
Заңды өкілдің қолы/Подпись законного представителя
Мен _____________________________________________________________________,
Ата-анасының/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
______________________________________________________________________________
(бұдан әрі - үміткер) Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты
ата-анасы/заңды өкілі осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және нақты болып табылатынын растаймын.
Біле тұра жалған немесе толық емес деректерді беру үміткердің конкурстан шығып қалуына, сондай-ақ тағайындалған жағдайда «Өркен» білім беру грантынан айыруға әкеп соғатыны маған мәлім.
Мен төмендегі:
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидаларының;
- Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру қағидаларының талаптарымен;
- Зияткерлік мектептері оқушыларының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес іскерлік, классикалық болып табылатын бірыңғай мектеп формасы мен оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптармен таныстым.
Мен, үміткерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындаған жағдайда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Зияткерлік мектептерде белгіленген барлық ережелерді орындауға міндеттене отырып, оның ішінде үміткердің сыртқы келбеті және бірыңғай мектеп формасын кию міндеттемесіне қойылатын талаптарды орындауға кепіл беремін.
Жоғарыда көрсетілген талаптар мен міндеттемелер орындалмаған жағдайда оқушының Зияткерлік мектептердің құқықтық актілерінде көрсетілген тәртіптік шараларға тартылуына және оның Зияткерлік мектебінен шығарылуына дейін алып келетіні маған мәлім.
Конкурсқа қатысу барысында алған сауалнамалық деректерді, конкурстық іріктеу нәтижелерін шетелдік әріптестерге, мемлекеттік органдарға, сарапшыларға және өзге де мүдделі ұйымдарға беруге, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ интернет-ресурсында орналастыруға қарсы емеспін.
Мен үміткердің дербес және биометриялық мәліметтерін жинақтауға, өңдеуге келісемін.
Үміткердің конкурстық іріктеуге қатысуына дербес жауапкершілікте боламын және үміткердің конкурстың барлық шарттары мен талаптарын сақтауын, сондай-ақ конкурсқа делдалдардың қатысуынсыз тікелей өз бетінше қатысуын қамтамасыз етуге міндеттенемін. Үміткердің конкурстан өту кезінде конкурстың кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауап беретін ұйымдардың қызметкерлерімен ізетті болуға міндеттенемін.
Күні ____________________ Қолы _________________

2 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

2-қосымша
«Өр­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тұң­ғыш Пре­зи­ден­ті­нің – Ел­ба­сы­ның бі­лім бе­ру гран­тын та­ғай­ын­дау жө­нін­де­гі кон­кур­сқа қа­ты­су үшін құ­жат­тар­ды қа­был­дау» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«На­зар­ба­ев Зи­ят­кер­лік мек­теп­те­рі» дер­бес бі­лім бе­ру ұй­ы­мы
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну әді­сте­рі
Өті­ніш­ті қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жү­зе­ге асы­ра­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап көр­се­ту мер­зі­мі күн­тіз­бе­лік 1 (бір) күн­нен ас­пай­ды.
Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 20 (жиыр­ма) ми­нут.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут.
Қыз­мет көр­се­ту­ді тоқ­та­та тұ­ру шар­тта­ры: құ­жат­тар­ды бел­гі­лен­ген мер­зім­нен ке­шік­ті­ріп бе­ру (www.​nis.​edu.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған Қыз­мет бе­ру­ші­нің құ­жат­та­рын қа­был­да­удың бе­кі­ті­л­ген мер­зім­де­ріне сәй­кес жыл сай­ын құ­жат­тар­ды қа­был­дау және бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры).
Ес­кер­ту: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2009 жы­л­ғы 14 на­уры­зда­ғы N 317 қа­улы­сы­ның 7-тар­ма­ғы­на сәй­кес құ­жат­тар­ды қа­был­дау мер­зім­де­рі мен ор­нын, сон­дай-ақ кон­кур­сты өт­кі­зу мер­зі­мін жұ­мыс ор­га­ны ай­қын­дай­ды. және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бү­кіл ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­ла­на­ды.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі өті­ніш бе­ру­ші­ге осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша оқу­ға кон­кур­сқа қа­ты­су­ға рұқ­сат бе­ру неме­се негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту бо­лып та­бы­ла­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру шар­тта­ры - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді.
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға) те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі - Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі - жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 12.30-дан 13.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ға дей­ін, сен­бі кү­ні са­ғат 10.00-ден 15.00-ге дей­ін.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​nis.​edu.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, сон­дай-ақ Ми­ни­стр­лік­тің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет ре­сур­сын­да ("Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет" бө­лі­мін­де) ор­на­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес кон­кур­сқа қа­ты­су­ға өті­нім және тол­ты­ры­л­ған са­у­ал­на­ма;
2) туу ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се же­ке ку­ә­лік (болған жағ­дай­да) не үміт­кер­дің цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін), же­ке ку­ә­лік не заң­ды өкіл­дің цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) егер та­лап­кер ағым­да­ғы оқу жы­лын аяқ­та­ма­ған және жал­ға­стыр­са, бі­рін­ші жар­ты­жыл­дық­та­ғы Зи­ят­кер­лік мек­теп­те оқу сы­ны­бы­ның ал­дын­да­ғы ал­дың­ғы оқу жы­лы үшін өті­ніш бе­ру­ші­нің мі­нез-құл­қы мен есеп кар­та­сы­ның кө­шір­ме­сі. оқу. Қа­жет­ті құ­жат­тар бас­шы­ның қо­лы­мен және ти­іс­ті бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­луы ти­іс.
Ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның 7-9 және 11-сы­нып­та­рын­да оқи­тын та­лап­кер­лер­дің сы­нып­та­ры ке­ле­сі оқу жы­лын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ұқсас сы­ны­бын­да қай­та оқу­ға құқы­ғы жоқ, бұ­ған сы­нып­та­ры ке­ле­сі оқу жы­лын­да рұқ­сат еті­л­ген ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның және ха­лы­қа­ра­лық мек­теп­тер­дің бі­лім алушы­ла­ры жа­та­ды. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның сы­нып­та­ры­нан оқу бағ­дар­ла­ма­сы­ның және бі­лім дең­гей­і­нің ай­ыр­ма­шы­лы­ғы­ның се­бе­бі бой­ын­ша ерекше­ле­нуі;
4) ше­тел­дiк бiлiм бе­ру ұй­ым­да­рын­да неме­се ха­лы­қа­ра­лық мек­теп­тер­де оқи­тын үміт­кер­лер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бағ­дар­ла­ма­сы мен ба­ға­лау шәкiлi­нен ерекше­ле­нетiн бiлiм бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы мен ба­ға­лау шәкiлiн оқу мек­те­бі­нің бағ­дар­ла­ма маз­мұ­ны мен ба­ға­лау шәкі­лін түсiн­дiретiн оқу үл­ге­рі­мі ту­ра­лы та­бель­ге ре­сми хат­тар­ды қо­са бе­редi (ба­ға тран­скрип­ті);
5) 1 Мбайт­тан (ме­га­байт) ас­пай­тын гра­фи­ка­лық файл тү­рін­де­гі 3х4 см өл­шем­де­гі өті­ніш бе­ру­ші­нің цифр­лық фо­то­су­ре­ті неме­се құ­жат­тар­ды тап­сы­ру ке­зін­де қа­был­дау ко­мис­си­я­сын­да үміт­кер­дің су­ре­тін тү­сі­ру.
Фо­то­су­рет ал­дың­ғы жа­ғы­нан же­ңіл фон­да, бей­та­рап бет әл­пе­тіне және жа­бық ауыз­ға тү­сі­рі­л­ген, он­да бет фо­то­су­рет­тің жал­пы ауда­ны­ның ша­ма­мен 75% ала­ды. Ком­пью­тер­лік ска­нер­леу, мо­дель­деу неме­се кө­ші­ру ар­қы­лы жа­сал­ған кес­кін­дер­ді пай­да­ла­ну­ға жол бе­ріл­мей­ді. Су­рет­ке тү­сі­ру ке­зін­де бас ки­ім­дер мен кө­зіл­ді­рік­тер­ге жол бе­ріл­мей­ді. Көз­дер ашық, анық кө­рі­не­ді және ша­шпен жа­был­ма­ған. Фо­то­су­рет өл­ше­мі ке­мін­де 450 x 600 пик­сель, ажы­ра­тым­ды­лы­ғы дюй­міне 600 пик­сель (дюйм) бо­луы ке­рек.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­ған­да;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «На­зар­ба­ев Зи­ят­кер­лік мек­теп­те­рі» дер­бес бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да да­рын­ды ба­ла­лар­дың оқуы­на ақы тө­леу үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тұң­ғыш Пре­зи­ден­ті­нің – Ел­ба­сы­ның «Өр­кен» бі­лім бе­ру гран­тын бе­ру қа­ғи­да­ла­рын және оның мөл­шер­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2009 жы­л­ғы 14 на­уры­зда­ғы № 317 қа­улы­сы­ның және осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес ұсы­ны­л­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​nis.​edu.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры: 1414,8 800 080 77777.

3 Мектептің атауы ___________________________________________ сыныпта білім алу үшін конкурсқа қатысатын үміткердің рұқсаттамасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Мектептің атауы ___________________________________________ сыныпта білім алу үшін конкурсқа қатысатын үміткердің рұқсаттамасы
ТАӘ:
ЖСН:
Туған күні:
Жеке куәлік/ туу туралы куәлік №:
Сыныбы және оқу тілі:
Кабинет:
Үміткердің суреті
Конкурстың өту кезеңдері __________________.
Қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін:
- тіркеу: ____________________ (Астана қ. уақыты бойынша)
- нұсқама беру: _______________(Астана қ. уақыты бойынша)
- тестілеудің басталуы: ________ (Астана қ. уақыты бойынша)
Орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін:
- тіркеу: _________________ (Астана қ. уақыты бойынша)
- нұсқама беру: ____________ (Астана қ. уақыты бойынша)
- тестілеудің басталуы:______ (Астана қ. уақыты бойынша)
Тіркеушінің қолы____________________________
Күні _________________________++____________
Заңды өкілінің қолы ____________________________________
Үміткердің қолы________________________________________
м.о.
Қол және мөр/мөртабан қойылмаған рұқсаттама жарамсыз болып табылады.

4 Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өтінішті қабылдаудан мына себептерге байланысты:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда;

2 2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда бас тартады.

(қажетті себептің астын сызу)
Осы қолхат әр тарап үшін 2 данада жасалды.
Орындаушы: Т.А.Ә. __________________ Телефоны _____________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы
«___» ___________ 20___

Қолданыстағы