О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № ҚР ДСМ-20/2020 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № ҚР ДСМ-20/2020 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-20/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-57
- Қабылданған күні
- 30.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2022 169433_582292.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028663
- ЭКБ идентификаторы
- 169433
- Редакция идентификаторы
- 169433_582292
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:09
0 «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-20/2020
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-20/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20255 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі
0 Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ ҚР ДСМ-57
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-20/2020
бұйрығына қосымша
Мемлекеттік монополия субъектісі
жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық
тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1 1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес), сондай-ақ дәрілік заттардың биобаламалылығына өткізілген сынақтардың биоталдамалық бөлігіне зерттеулер жүргізу.
2 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясын және Еуразиялық экономикалық одақтың фармакопеясын, олардың жеке томдарының немесе жеке фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) әзірлеу және өзектілендіру.
3 3. Дәрілік заттар мен дәрілік препараттардың бөгде қоспаларының стандартты үлгілері бойынша Республикалық банкін және дерекқор банкін жүргізу.
4
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тиісті зертханалық практикасы (GLP), тиісті клиникалық практикасы (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP) талаптары сәйкестігіне фармацевтикалық инспекция жүргізу, медициналық бұйымдар инспекциясын жүргізу, дәрілік заттың тіркеу куәлігін ұстаушының фармакологиялық қадағалау жүйесінің инспекциясын және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеуді жүргізу.