О внесении изменения и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № ҚР ДСМ-20/2020 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № ҚР ДСМ-20/2020 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-20/2020 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37
- Қабылданған күні
- 15.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2025 209252_754103.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035992
- ЭКБ идентификаторы
- 209252
- Редакция идентификаторы
- 209252_754103
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:03
0 «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-20/2020
бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-20/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20255 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
5-тармақ мына редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны белгілеуді жүргізу.»;
мына мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Әртүрлі медициналық техниканы өндірушілердің кемінде екі моделінің техникалық сипаттамаларымен техникалық ерекшеліктің функционалдық параметрлеріне салыстырмалы талдау жүргізу.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау және дамыту агенттігі