Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 258 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Формирование индивидуального идентификационного номера иностранцам и лицам без гражданства, временно пребывающим в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 22 · қабылданған 26.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-258-ekb-164151/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 258 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Формирование индивидуального идентификационного номера иностранцам и лицам без гражданства, временно пребывающим в Республике Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 22 ·26.01.2022
26.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 258 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Формирование индивидуального идентификационного номера иностранцам и лицам без гражданства, временно пребывающим в Республике Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 22 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 258 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Формирование индивидуального идентификационного номера иностранцам и лицам без гражданства, временно пребывающим в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22
Қабылданған күні
26.01.2022
Көрсетілген редакция
26.01.2022 164151_559360.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026680
ЭКБ идентификаторы
164151
Редакция идентификаторы
164151_559360
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:38

0

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20201 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік рәсім (мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі) - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі өтініш жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет.
2) арыз иесі (көрсетілетін қызметті алушы) - әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға өтініш берген адам, сондай-ақ оған қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
3) әкімшілік акті (мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесі) - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жеке-дара айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
4) әкімшілік орган (көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
5) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;
7) тіркеу куәлігі - берілген жеке сәйкестендіру нөмірінің болуын растайтын, қағаз тасымалдағыштағы құжат немесе электрондық құжат;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі.
9) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - АКИ операторы) – берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының оған жұмысын істеуі қамтамасыз ету міндеті жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
10) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі;
11) халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚКО БАЖ) - Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
12) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.
13) құжаттың электрондық көшірмесі - электрондық цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректер) толық бейнелейтін құжат;
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
15) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді іске асыру мақсатында электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.».
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып өтініш беру жолымен жүгінеді.
Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктерің, азаматтығы жоқ адамдардың және реттелмеген мәртебесі бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін негіздеме осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымша нысанындағы «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері:
1) онда көрсетілген мәліметтердің шынайылығына, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкестігіне құжаттарды тексеруді;
2) өтінімді ХҚКО БАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады.
мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
18. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
20. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін жол беріледі.».
3 - қосымшада:
Реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де
»,
Реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі:
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі:
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат. Егер ше­тел­дік­тің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та ки­рил­ли­ца­да неме­се ла­тын­ша нақ­ты­лау де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), ту­ған же­рі) бол­ма­ған жағ­дай­да, құ­жат­тың аудар­ма­сы­ның ти­ісін­ше кө­шір­ме­сін қо­са бе­ру қа­жет;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өкі­лі жү­гін­ген жағ­дай­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат.
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өкі­лі­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық сұ­рау са­лу;
2) ше­тел­дік­тің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шер­ме­сі. Егер ше­тел­дік­тің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та ки­рил­ли­ца­да неме­се ла­тын­ша нақ­ты­лау де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), ту­ған же­рі) бол­ма­ған жағ­дай­да, құ­жат­тың аудар­ма­сы­ның ти­ісін­ше кө­шір­ме­сін қо­са бе­ру қа­жет;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өкі­лі жү­гін­ген жағ­дай­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат.
»;

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсынаорналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы