Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 259 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства»

Бұйрық · № 600 · қабылданған 27.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-259-ekb-145942/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 259 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 600 ·27.08.2020
27.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 259 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 600 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 259 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
600
Қабылданған күні
27.08.2020
Көрсетілген редакция
27.08.2020 145942_480110.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021155
ЭКБ идентификаторы
145942
Редакция идентификаторы
145942_480110
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:02

0 «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін

қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20207 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбiр бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденовке) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

2020 жылғы 27 тамызы
№ 600
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 259 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

«1. Осы «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

2 2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

3 3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

3 3. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманы көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ) не портал арқылы береді.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаның нысанында «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қөрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес процесс сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қарайтын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі.
Өтініш-сауалнама келесі құжаттар ұсынылады:
көрсетілетін қызметті алушы (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) жеке өтініш берген кезде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар, қорғаншылар, қамқоршылар өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарды (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін) ұсынады:

1 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері, Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куалігі (тұлғаны идентификациялау үшін);

2

2) егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, «Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.
Ескертпе: Кодекске сәйкес алимент алушы отбасы мүшелеріне:
кәмелетке толмаған балалар;
ата-ана;
еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайы (зайыбы);
жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбы, оның ішінде бұрынғы зайыбы;
ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға І-ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайы (зайыбы);
неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайы (зайыбы);
көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған аға-інілер мен апа-сіңлілер, қарындастар;
көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған немерелер;
көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз ата-әжелер;
кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және асыраған еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдар;
өздерінің өгей ұлдарын немесе егей қыздарын тәрбиелеген және асыраған, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шеше жатады;

3 3) ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;

4

4) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін;

5 5) мемлекеттік баждың немесе консулдық салықтың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Осы тармақтың 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы мәліметтер болмаған жағдайда кету туралы өтініш білдірген азамат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес олардың ел аумағында тіркелу фактісін анықтау үшін ішкі істер органдарына өтінішпен жүгінеді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге ниетті адамдар бірінші кезекте «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелді) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ретінде тіркеуді ресімдеуі тиіс. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер немесе тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ретінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгеннен кейін олар Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге құқылы.
Портал арқылы жүгінген жағдайда электрондық нысанда өтініш-сауалнама толтырылады, осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері бекітіледі, олар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылады.

5 5. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгіну күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама шығады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды, тіркейді және құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысына береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлінісінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

6

6. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөліністің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжаттың нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелдемелі бас тартуды дайындайды және өтініш иесіне Порталда жеке кабинетіне жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден Стандартын 9 тармақшасына сәйкес көзделген негіздер бойынша бас тартады.

7

7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КҚП АЖ) енгізеді.
Мәліметтерді КҚП АЖ енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш-сауалнама және құжаттардың толық тізбесін (бұдан әрі – сұрау салу) орындаушы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – ПД КҚҚБ) жолдайды.
Сұрау келіп түскен күні ПД КҚҚБ кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушіден келіп түскен сұрау салуды тіркейді және ПД КҚҚБ басшылығына береді, ол бойынша орындаушы айқындалады.
ПД КҚҚБ орындаушысы бір жұмыс күні ішінде сұрау салуға ұсынылған құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болуы қарайды және сұрау салуды бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚКД), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет департаменті), Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – СД) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) аумақтық бөліністеріне мемлекеттік органдарға келісуге жолдайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдарымен материалдарды келісу «Бүркіт-ІІМ ( БАЖ арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың жауаптары негізінде ПД КҚҚБ орындаушысы бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімді (бұдан әрі – шешім) не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарламаны дайындайды және бір жұмыс күні ішінде КҚП АЖ қабылданған шешім туралы ақпаратты енгізеді.
Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың тұпнұсқасын және осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдемелі хабарламаны қайтарады. Осы жағдайда істің материалдарына көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы куәландырған құжаттардың көшірмелері тігіледі.
Оң шешілген жағдайда ПД КҚҚБ КҚП АЖ арқылы «Жұмылдыру ресурастарының автоматтандырылған жүйесінің интегарциялық шлюзіне» (бұдан әрі – ЖР АЖ ИШ) әскери есептен шығару мақсатында жергілікті әскери басқару органдарының аумақтық бөліністеріне хабарлама жолданады. Әскери басқарма бір жұмыс күні ішінде сұрау салуды өңдейді және көрсетілетін қызметті алушыны әскери есептен алу туралы хабарламаны жолдайды.
Мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде бір жұмыс күні ішінде әскери есептен құжаттарды (әскери билет не тіркеу куәлігі) тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі.
Оң шешілген жағдайда Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға 8-қосымшаға сәйкес бір жұмыс күні ішінде әскери құжаттарды (әскери билет не тіркеу куәлігі) тапсыру қажеттілігі туралы хабарлама беріледі.
Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының әскери міндетті азаматтары үшін) бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне әскери билетті немесе шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлігін ұсынады.
Әскери билетті немесе шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлікті алған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсырғаны туралы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) белгі қояды.
Содан кейін ХҚКО БАЖ КҚП АЖ-да көрсетілетін қызметті алушыны әскери есептен және бірге жүрген балаларын (олар болған жағдайда) есептен алу және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алу үшін жүгіну Мемлекеттік корпорацияға қажеттілігі туралы сұрау салуды қалыптастырады, ол Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жеке куәлікті не Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін тапсыру үшін жүгінуі тиіс.
Жеке куәлікті немесе Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін тапсырғанын растағаннан кейін ПД КҚҚБ сол күні көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алуды, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімді осы Қағидаларға 9 немесе 10-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша беруді жүзеге асырады.
Портал арқылы жүгінген кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім басшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

8

8. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингілеу ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияның 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8555 тіркелді).

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

10

10. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

1.1 «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

1-қосымша
Нысан
ИИН☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐
Тегі/Фамилия
☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐
Аты/Имя
☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐
Әкесінің аты/Отчество (при его наличии)
☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐
Паспорт/Паспорт № _________________________ от __________20___ жылы/года
Жеке куәлік/Удостоверение личности № _____________ от __________20 ___жылы/года
4.Туы­л­ған кү­ні/Да­та рож­де­ния
кү­ні/день
☐☐
айы/ме­сяц
☐☐
жы­лы/год
☐☐☐☐
5. Жы­ны­сы/Пол
ер / муж­ской

әй­ел /жен­ский

7 7. Азаматтығы / Гражданство

☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐

8 8. Ұлты / Национальность

☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐
9. Ту­ған же­рі / Ме­сто рож­де­ния
Ел / Стра­на
Об­лыс / Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла / Об­ласть / Го­род рес­пуб­ли­кан­ско­го зна­че­ния
Аудан / Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­лад­а­ғы аудан/ Об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла /
Рай­он / Рай­он в го­ро­де рес­пуб­ли­кан­ско­го зна­че­ния /Го­род об­ласт­но­го зна­че­ния
Округ / Аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла/ Об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­лад­а­ғы аудан /
Округ / Го­род рай­он­но­го зна­че­ния / Рай­он в го­ро­де об­ласт­но­го зна­че­ния
Ел­ді ме­кен / На­се­лен­ный пункт
Әс­ке­ри мін­дет­ті­лік­ке қа­ты­сы/От­но­ше­ние к во­ин­ской обя­зан­но­сти
Бұ­рын бас­қа мем­ле­кет­тің аза­мат­тығы бол­ды ма, қа­шан және не се­беп­ті, егер қа­зір­гі уа­қыт­та бол­са көр­се­ті­ңіз/Име­лось ли ра­нее граж­дан­ство дру­го­го го­су­дар­ства, ко­гда и по ка­кой при­чине, ес­ли име­е­те в на­сто­я­щее вре­мя-ука­жи­те

10 10. Маған Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты жерге шығуға арналған құжаттарды ресімдеуді сұраймын/Прошу оформить мне документы на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства:

Қай­дан ке­те­ді/От­ку­да вы­бы­ва­ет
____________________________ Ел/ Стра­на
______________________________________
Об­лыс / Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла / Об­ласть / Го­род рес­пуб­ли­кан­ско­го зна­че­ния
______________________________________
Аудан / Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­лад­а­ғы аудан/ Об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла /
Рай­он / Рай­он в го­ро­де рес­пуб­ли­кан­ско­го зна­че­ния /Го­род об­ласт­но­го зна­че­ния
_____________________________________________
Округ / Аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла/ Об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­лад­а­ғы аудан /
Округ / Го­род рай­он­но­го зна­че­ния / Рай­он в го­ро­де об­ласт­но­го зна­че­ния
_____________________________________
Ел­ді ме­кен / На­се­лен­ный пункт
Қай­да ке­те­ді / Ку­да вы­бы­ва­ет
_____________________________ Ел/ Стра­на
______________________________________
Ел­ді ме­кен / На­се­лен­ный пункт
______________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
12. Ке­ту мақ­са­ты/
Цель вы­бы­тия
2. Жұ­мысқа бай­ла­ны­сты/В свя­зи с ра­бо­той

3. Оқу­ға бай­ла­ны­сты / В свя­зи с уче­бой

4. От­ба­сы жағ­дай­ы­ма бай­ла­ны­сты/ Се­мей­ные об­со­я­тель­ства

9. Бас­қа / Дру­гое

В даль­ней­ших раз­де­лах необ­хо­ди­мо за­пол­нить ли­цам в воз­расте 16 лет и стар­ше. По­жа­луй­ста, вы­бе­ри­те один из ука­зан­ных ва­ри­ан­тов
13. Қо­ғам­дық са­на­ты / Об­ще­ствен­ная ка­те­го­рия
1. Жал­да­ма­лы (ақы тө­ле­не­тін) қыз­мет­кер (ұй­ым­да, ме­ке­ме­де, же­ке тұ­лға­лар­да, ша­руа неме­се фер­мер қо­жа­лы­ғын­да) / На­ем­ный (опла­чи­ва­е­мый) ра­бот­ник (в ор­га­ни­за­ции, пред­при­я­тии, у от­дель­ных фи­зи­че­ских лиц, кре­стьян­ском или фер­мер­ском хо­зяй­стве)

2. Өз бе­тін­ше жұ­мыспен қам­ты­л­ған қыз­мет­кер (жұ­мыс бе­ру­ші, өз бе­тін­ше жұ­мыс іс­тей­тін (өз есе­бі­нен жұ­мыс іс­тей­тін), от­ба­сы кә­сі­пор­ны­ның кө­мек­ші (ақы тө­лен­бей­тін) қыз­мет­ке­рі, ко­опе­ра­тив­тің мү­ше­сі және же­ке аула­сын­да жұ­мыс іс­тей­тін / Са­мо­за­ня­тый ра­бот­ник (ра­бо­то­да­тель, са­мо­сто­я­тель­ные ра­бот­ни­ки (ра­бо­та­ю­щие за свой счет), по­мо­га­ю­щие не опла­чи­ва­е­мые ра­бот­ни­ки се­мей­ных пред­при­я­тий, чле­ны ко­опе­ра­ти­вов и за­ня­тые в лич­ном под­соб­ном хо­зяй­стве)

3. Жұ­мыс­сыз / Без­ра­бот­ный

4. Сту­дент / Сту­дент

5. Зей­нет­кер / Пен­си­о­нер

9. Өзге­лер (оқу­шы­лар, үй ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы әй­ел­дер және т.б.) /
Про­чие (уча­щи­е­ся, до­мо­хо­зяй­ки и т.д.)

14. Бі­лім дең­гейі / Уро­вень об­ра­зо­ва­ния (Тір­кеу сәтіне ең жо­ға­ры жет­кіз­ген бі­лі­мі­нің дең­гей­ін көр­се­ту қа­жет / Необ­хо­ди­мо ука­зать мак­си­маль­но до­стиг­ну­тый уро­вень об­ра­зо­ва­ния на мо­мент ре­ги­стра­ции)
15. Бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғы / Спе­ци­аль­ность по об­ра­зо­ва­нию
1. Сәу­лет­тік-құ­ры­лы­стық /Ар­хи­тек­тур­но-стро­и­тель­ная

1. Жо­ға­ры / Выс­шее

2. Ме­ди­ци­на­лық / Ме­ди­цин­ская

3. Пе­да­го­ги­ка­лық / Пе­да­го­ги­че­ская

2. Ор­та тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік/ Сред­нее тех­ни­че­ское и про­фес­си­о­наль­ное

4. Тех­ни­ка­лық / Тех­ни­че­ская

5. Эко­но­ми­ка­лық / Эко­но­ми­че­ская

3. Жал­пы ор­та / Об­щее сред­нее

6. Заң­гер­лік / Юри­ди­че­ская

7. Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық / Сель­ско­хо­зяй­ствен­ная

4. Жал­пы негіз­гі /Ос­нов­ное сред­нее

8. Бас­қа / Дру­гая

16. Неке жағ­дайы / Со­сто­я­ние в бра­ке
1. Еш­қа­шан неке­де тұр­ма­ған / Ни­ко­гда не со­сто­ял (а) в бра­ке
2. Неке­де тұ­ра­ды / Со­сто­ит в бра­ке
3. Тұл ер­кек (же­сір әй­ел) /Вдо­вец (вдо­ва)
4. Ажы­рас­қан / Раз­ве­ден (а)




Біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларыма шығуға құжаттарды ресімдеуді сұраймын/
Одновременно прошу оформить документы на выезд моим несовершеннолетним детям
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) /Фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при его на­ли­чии)
ЖСН/ИИН
Ту­ған кү­ні /
Да­та рож­де­ния
Пас­порт №/
№ пас­пор­та
Жы­ны­сы/Пол

17 17. Жақын туыстары туралы мәліметтер / Сведения о близких родственниках

(ата-аналары, жұбайлары (оның ішінде бұрынғы), балалары) /родители, супруги
(в т.ч. бывшие), дети)
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) /Фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при его на­ли­чии)
ЖСН/ИИН
Туы­стық дә­ре­же­сі
/Сте­пень род­ства
Ту­ған кү­ні мен же­рі / Да­та и ме­сто рож­де­ния
Ме­кен­жайы мен ба­ра­тын же­рі /Стра­на пре­бы­ва­ния
и ад­рес ме­ста жи­тель­ства
Жұ­мыс ор­ны /Ме­сто ра­бо­ты
Неке (лер­ді) тір­кеу ор­ны тір­кел­ген неке­сі (ле­рі) бар адам­дар үшін /Ме­сто ре­ги­стра­ции бра­ка (-ов) (для лиц, име­ю­щих за­ре­ги­стри­ро­ван­ный (-ые) брак (-и)

18 18. Соңғы 5 жыл ішіндегі қызметі / Трудовая деятельность за последние 5 лет

Түс­кен және боса­ған жы­лы /Год по­ступ­ле­ния и уволь­не­ния
Кә­сі­по­рын­ның, ме­ке­ме­нің ата­уы /На­име­но­ва­ние пред­при­я­тия, учре­жде­ния
Кә­сі­по­рын­ның, ме­ке­ме­нің ме­кен­жайы /Ад­рес пред­при­я­тия, учре­жде­ния
Жұ­мыс ор­ны /Ме­сто ра­бо­ты
Ла­у­а­зы­мы /За­ни­ма­е­мая долж­ность
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік құ­пи­я­ла­ры­на рұқ­са­ты бар/жоқ, оның ішін­де бұ­рын­ғы жұ­мыс (қыз­мет) орын­да­ры бой­ын­ша (егер жоқ бол­са мем­ле­ке­тік құ­пи­я­лар­ға рұқ­са­ты жоқ деп жа­зу ке­рек)/На­ли­чие до­пус­ка к го­су­дар­ствен­ным сек­ре­там Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан, в том чис­ле по преж­ним ме­стам ра­бо­ты (служ­бы) (ес­ли не имел, пи­сать до­пуск к го­су­дар­ствен­ным сек­ре­там не имел)
Сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткен үшін жауапкершілік туралы ескертілдім (Негіз: 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
Предупрежден (-а) об ответственности за заведомо ложные данные в заявлении-анкете (основание: Закон Республики Казахстан от 22 июля 2011 года «О миграции населения»).
_______________________________ «______» ___________ 20 __ года
(көрсетілетін қызметті алушының қолы/подпись услугополучателя)
Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
Согласен (-на) на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.
_____________________________ «_____» ___________ 20 __ года
Тіркелген күні / Дата регистрации «__» ___ 20__ года

1.2 «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

2-қосымша
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру үшін шы­ғу­ға ар­нал­ған құ­жат­тар­ды ре­сім­деу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Қыз­мет­тің ата­уы
Аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры
2
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру:
1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік «ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция);
2) «элек­трон­ды үкі­мет» веб-пор­тал (бұ­дан әрі – пор­тал): www.​egov.​kz ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зім­де­рі
1. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар па­ке­тін тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 20 жұ­мыс кү­ні;
құ­жат­тар па­ке­тін тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап:
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар па­ке­тін тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (жар­ты­лай ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру үшін шы­ғу­ға ар­нал­ған құ­жат­тар­ды ре­сім­деу ту­ра­лы ше­шім не осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді ха­бар­ла­ма.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­ті көр­се­ту үшін мем­ле­кет­тiк баж алы­на­ды, ол «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­нетiн бас­қа да мiн­дет­тi тө­лем­дер ту­ра­лы» (Са­лық ко­дексi) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы ко­дексiнiң 613-ба­бы­на сәй­кес – 1 ай­лық есеп­тiк көр­сет­кiш.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет алу­ға өті­ніш­ті Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы бер­ген жағ­дай­да тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі - ЭҮТШ) неме­се екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Жұ­мыс кесте­сі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­iн­гi түскi үзiлiспен, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бi­ден сен­бi­ге дей­ін са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­iн.
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның – бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден сен­бі­ге дей­ін түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қа­был­дау же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз неме­се «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы ар­қы­лы элек­трон­ды ке­зек­ті брон­да­у­мен «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кел­ген же­рі бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3) пор­тал – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні бе­рі­ле­ді).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​mvd.​gov.​kz «Ми­ни­стр­лік ту­ра­лы» бө­лі­мін­де, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің құ­ры­лым­дық бө­лі­ні­сте­рі­нің веб-ре­сур­ста­ры» кі­ші бө­лі­мін­де;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да - www.​gov.​kz;
3) пор­тал­да – www.​egov.​kz. ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­ме­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (ба­ла­лар және сот әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз деп та­ны­ған аза­мат­тар үшін олар­дың заң­ды өкiл­дерi (ата-ана­сы, қам­қор­шы­ла­ры, қор­ған­шы­ла­ры) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ар­қы­лы, же­ке өті­ніш біл­дір­ген кез­де. Ата-ана­лар, қам­қор­шы­лар, қор­ған­шы­лар өкіл­дік­ке өкі­лет­тікті рас­тай­тын құ­жат­тар (ба­ла­лар және сот әре­кет­сіз деп та­ны­ған аза­мат­тар үшін) ұсы­на­ды:
1) өті­ніш-са­у­ал­на­ма;
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның же­ке ку­әлi­гi мен пас­пор­ты, он ал­ты жас­қа тол­ма­ған ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лік­те­рі, қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты; аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі (же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты али­мент­тер­ді өн­ді­ріп алу бой­ын­ша қол­да­ны­с­та­ғы ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу болған жағ­дай­да заң бой­ын­ша кү­тіп-ұста­у­ға мін­дет­ті ке­те­тін адам­ның от­ба­сы мү­ше­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұр­ған жағ­дай­да «Неке (ер­лі – зай­ып­ты­лық) және от­ба­сы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2011 жы­л­ғы 26 жел­тоқ­сан­да­ғы ко­дек­сі­нің 22-та­ра­уын­да көз­дел­ген тәр­тіп­пен жа­сал­ған али­мент­тер­ді тө­леу ту­ра­лы ке­лі­сім­ді ұсы­на­ды.
Ке­лі­сім­ге қол жет­кі­зіл­ме­ген кез­де ке­те­тін адам­дар­ға али­мент­тің мөл­ше­рін тұ­рақ­ты ақ­ша со­ма­сын­да бел­гі­леу неме­се али­мент­ті бір­жол­ғы тө­леу не бел­гі­лі бір мү­лік­ті али­мент есе­біне бе­ру неме­се али­мент­ті өзге де тә­сіл­мен тө­леу не ке­те­тін адам­ның ке­ту үшін заң­да көз­дел­ген ке­дер­гі­лер­дің бол­мауы фак­ті­сін анық­тау ту­ра­лы сот­тың ше­ші­мі бе­рі­ле­ді.
Ес­кер­ту: от­ба­сы мү­ше­ле­ріне – али­мент­ті алушы­лар­ға Ко­декспен:
кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­ла­ры;
ата-ана­ла­ры;
ең­бек­ке жа­рам­сыз мұқ­таж әй­е­лі (күй­е­уі);
жүк­ті­лік ке­зін­де ор­тақ ба­ла­сы­ның тул­ған кү­ні­нен ба­стап үш жыл ішін­де жұ­байы, оның ішін­де бұ­рын­ға жұ­байы;
ор­тақ мү­ге­дек ба­ла­ны он се­гіз жас­қа толған­ға дей­ін ба­ғып-кү­ту­ді жү­зе­ге асы­рып отыр­ған, сон­дай-ақ он се­гіз жас­қа толған соң ор­тақ мү­ге­дек ба­ла­ға I-II топ­та­ғы мү­ге­дек­тік бел­гі­лен­ген жағ­дай­да кө­мек­ке мұқ­таж жұ­бай­ы­ның;
неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) бұ­зы­л­ған­ға дей­ін ең­бек­ке жа­рам­сыз бо­лып қал­ған кө­мек­ке мұқ­таж, ең­бек­ке жа­рам­сыз бұ­рын­ғы жұ­бай­ы­ның;
кө­мек­ке мұқ­таж кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­уыр­ла­ры және қа­рын­даста­ры;
кө­мек­ке мұқ­таж кәме­лет­ке тол­ма­ған неме­ре­ле­рі;
кө­мек­ке мұқ­таж ең­бек­ке жа­рам­сыз ата­сы және әже­сі;
кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­лар­ды іс жү­зін­де тәр­би­е­ле­ген және кү­тіп-бақ­қан ең­бек­ке жа­рам­сыз мұқ­таж адам­дар;
өзде­рі­нің өгей ұл­да­рын неме­се өгей қы­зда­рын тәр­би­е­ле­ген және кү­тіп-бақ­қан, кө­мек­ке мұқ­таж, ең­бек­ке жа­рам­сыз өгей әке мен өгей ше­ше жат­қы­зы­л­ған.
4) ата-ана­сы­мен не өзге де заң­ды өкiл­де­рі­мен ке­ту ту­ра­лы ше­шiм қа­был­дан­ған кез­де он жас­қа толған ба­ла­ның пiкiрiн есеп­ке алу ту­ра­лы қор­ған­шы­лық және қам­қор­шы­лық ор­ган­да­ры­ның қо­ры­тындысы;
5) он се­гіз жас­қа тол­ма­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры ата-ана­сы­ның бiрi­мен (қам­қор­шы­сы­мен, қор­ған­шы­сы­мен) бiр­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға ке­те­тін кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­ра­тын ата-ана­сы­ның екiн­шi­сі­нің но­та­ри­ал­ды түр­де рас­тал­ған келiсi­мi. Келiсiм бол­ма­ған кез­де, кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­ның ке­туі сот тәр­тiбi­мен ше­шiлуі мүм­кін;
6) мем­ле­кет­тiк баж­дың тө­лен­генiн рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шiр­месi.
7) өті­ніш (осы тар­мақ­тың 3) және 5) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген адам­дар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да).
пор­тал ар­қы­лы:
1) элек­трон­дық ны­сан­да өті­ніш-са­у­ал­на­ма;
2) «элек­трон­дық үкі­мет» тө­лем шлю­зі» ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу ту­ра­лы мә­лі­мет;
3) Қа­ғи­да­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес ска­нер­лен­ген нұс­қа­да­ғы элек­трон­дық құ­жат­тар.
Әс­ке­ри есеп­тен шы­ға­ру үшін (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри мін­дет­ті аза­мат­та­ры үшін) ха­бар­ла­ма­ны ал­ған­нан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бір жұ­мыс кү­ні ішін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­ріне әс­ке­ри би­лет­ті неме­се ша­қы­ру учас­ке­сіне тір­ке­лу ту­ра­лы ку­ә­лі­гін ұсы­на­ды.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық же­рі бой­ын­ша тір­ке­уден алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­ріне ха­бар­ла­ма­ны ал­ған­нан кей­ін бір жұ­мыс кү­ні ішін­де же­ке ку­ә­лік­ті; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­тын; аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін ұсы­на­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы:
1) мем­ле­кет­тiк және за­ң­мен қор­ға­ла­тын өзге де құ­пи­я­ны құ­рай­тын мәлi­мет­тер­дi бiл­се және өзiнiң Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге шы­ғу фак­тiсi ту­ра­лы тиiстi уәкiлет­тi ор­ган­дар­ға ха­бар­ла­ма­са – осы мән-жай­лар­дың қол­да­ны­луы тоқ­та­ты­л­ған­ға дей­iн;
2) қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ды де­ген кү­дік­пен ұстап алын­ған не кү­дік­ті, ай­ып­та­лушы ре­т­ін­де жа­у­ап­қа тар­ты­л­ған бол­са, не оған қа­ты­сты кү­дік­ті­нің іс-әре­ке­тін са­ра­лау ту­ра­лы қа­у­лы шы­ға­рыл­са – іс бой­ын­ша ше­шім шы­ға­ры­л­ған­ға неме­се сот үкі­мі заң­ды кү­шіне ен­ген­ге дей­ін;
3) қыл­мыс жа­са­ға­ны үшiн сот­тал­са – жа­за­сын өте­ген­ге неме­се жа­за­дан боса­ты­л­ған­ға дей­iн;
4) өзiне сот жүк­те­ген мiн­дет­тер­дi орын­да­удан жал­тар­са – осы мiн­дет­те­ме­лер тоқ­та­ты­л­ған­ға дей­iн;
5) мерзiм­дi әс­ке­ри қыз­метiн өт­керiп жат­са – осы қыз­мет­тi өт­ке­ру аяқ­тал­ған­ға дей­iн неме­се «Әс­ке­ри қыз­мет және әс­ке­ри қыз­мет­шiнiң мәр­те­бесi ту­ра­лы» 2012 жы­л­ғы 16 ақ­пан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес одан боса­ты­л­ған­ға дей­iн;
6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан шы­ғу үшiн құ­жат­тар ресiм­деу кезiн­де өзi ту­ра­лы көрi­неу жал­ған мәлi­мет­тер ха­бар­ла­са – бас тар­ту үшiн негiз болған се­беп­тер­дi жой­ған­ға және шы­найы мәлi­мет­тер ұсын­ған­ға дей­iн;
7) аза­мат­тық сот iсiн жүр­гi­зу­де жа­у­ап­кер бо­лып та­был­са – сот ше­шi­мi заң­ды кү­шiне ен­ген­ге дей­iн;
8) са­лық­тық бе­ре­ше­гі бол­са – оны то­лық өте­ген­ге дей­ін;
9) ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу бой­ын­ша бо­рыш­кер бо­лып та­был­са, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­ріне ке­ту­ден уа­қыт­ша бас тар­ты­ла­ды.
Ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу бой­ын­ша бо­рыш­кер:
сот бе­кіт­кен, өн­ді­ріп алушы­мен жа­сал­ған бі­тім­гер­ші­лік ке­лі­сім­ді;
өн­ді­ріп алушы­мен да­уды ме­ди­а­ция тәр­ті­бі­мен рет­теу ту­ра­лы ке­лі­сім­ді;
өн­ді­ріп алу­дың неме­се ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тың өзге де та­ла­бы­ның орын­дал­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­ды;
ат­қа­ру­шы­лық құ­жат бе­ру­ге негіз болған, ти­іс­ті ор­ган ше­ші­мі­нің кү­ші жой­ы­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да, 9) тар­мақ­ша­ның та­ла­бы қол­да­ныл­май­ды.
Сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» 2013 жы­л­ғы 15 сәу­ір­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 19-1-ба­бын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Ағ­за­сы­ның жұ­мыс іс­те­уі­нің тұ­рақ­ты ақа­уы бар, өзіне қыз­мет көр­се­ту қа­бі­лет­ті­гін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се жар­ты­лай жо­ғал­тқан, өз бе­тін­ше қоз­ға­ла ал­май­тын, құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға бағ­дар­ла­на ал­май­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777 ар­қы­лы жү­гі­нуі ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша шы­ға оты­рып жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша «1414» бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­л­ген.

1.3 «Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
_______________________________________
(ішкі істер органдарының атауы көрсетілсін)
азамат (-ша)
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
көрсетілсін)
________________________________________
(тұрғылықты жерінің тіркелген мекенжайы
көрсетілсін)
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған
құжаттарды ресімдеуге байланысты «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасының
мәліметтері негізінде азамат (ша) _________________________________________________
___________________________________________________________________________
(толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туыстық байланысы көрсетілсін)
Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.
20____жылғы "______" __________ ______________________
қолы

1.4 «Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан
Осы қолхат _________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін) берілді және «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдағанын растайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуды растайтын құжатты алу үшін, әскери есептен шығару (әскери міндетке қатысы болса) және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру орны бойынша тіркеуден шығару үшін, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге 20 ___ «___» _________келуі қажет.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаған: ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны ___________________
Алдым: ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20 ___ жылғы "_____"__________

1.5 «Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі
__________________________________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:

1 1) _____________________________________;

2 2) _____________________________________;

3 3) ______________________________________.

Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда)
Орындаушы: _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны _______________________________
Алдым: ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20__ жылғы «___» __________________

1.6 «Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша
Нысан

1 1.________________________________________-_________________дейiн;

2 2.________________________________________-_________________дейiн;

3 3.________________________________________-_________________дейiн.

байланысты «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны туралы
________________________________________хабарлаймыз.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Хабарлама әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалған____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон қызметі бөлінісі лауазымды адамының қолы)

1.7 «Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
7-қосымша
Нысан

1 1.________________________________________-_________________дейiн;

2 2.________________________________________-_________________дейiн;

3 3.________________________________________-_________________дейiн.

байланысты «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны туралы
________________________________________хабарлаймыз.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
<Хабарламаны беру күні>
АНЫҚТАМА ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТТЫ ҰСЫНҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАРАМДЫ

1.8 «Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Әскери есеп құжаттарын тапсыру және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге
тұрақты тұру орны бойынша тіркеуден шығару қажеттілігі туралы хабарлама әскери есептен
шығару және тіркеуден шығару үшін_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды оң қарауға байланысты:
әскери есептен шығару (әскери міндетке қатысы болса);
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығару үшін берілді.
Мерзімі 20__ жылғы «___» __________________ дейін
Ескертпе: Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 1 күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге әскери есептен (әскери міндетті болса) шыққаны туралы анықтаманы ұсынбаған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарлама шығарады.
Әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

1.9 «Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
9-қосымша
Нысан
____________________ тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге
байланысты азамат (ша)____________________________________________________________
(шығу елі көрсетілсін) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін) Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат етілді.
Онымен бірге балалары___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні көрсетілсін) барады.
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон қызметі бөлінісі лауазымды адамының қолы)
М.О.
Орындаушы:__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны ______________ 20__ жылғы «___» _________
Алдым:_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20__ жылғы «___» _________

1.10 «Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге тұрақты тұру үшін
шығуға арналған құжаттарды
ресімдеу» бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
10-қосымша
Нысан
____________________ тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге
байланысты азамат (ша)___________________________________________________________
(шығу елі көрсетілсін) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін) Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат етілді.
Онымен бірге балалары: _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні көрсетілсін) барады.
<Жабарламаны беру күні>
АНЫҚТАМА ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТТЫ ҰСЫНҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАРАМДЫ

2 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2020 жылғы «__» _________
№_____ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 259 бұйрығына
қосымша

1

1. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11030 болып тіркелген, 2015 жылы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2

2. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 498 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11568 болып тіркелген, 2015 жылығы 7 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3

3. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» азақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 39 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13401 болып тіркелген, 2016 жылы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

4

4. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 498 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 177 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13539 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

5

5. «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 789 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16121 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

6

6. «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16738 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

7

7. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 498 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 340 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16923 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 мамырда Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Қолданыстағы