О внесении изменения в постановление акимата Мунайлинского района от 27 ноября 2020 года № 299-қ «Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Мунайлинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мунайлинского района от 27 ноября 2020 года № 299-қ «Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Мунайлинского района»
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 299-қ «Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 368-қ
- Қабылданған күні
- 20.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2021 161974_551400.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21MG025877
- ЭКБ идентификаторы
- 161974
- Редакция идентификаторы
- 161974_551400
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:58
0 Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 299-қ «Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 299-қ «Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4348 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қарасаевқа жүктелсін.
Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданы әкімдігі
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 368-қ
қаулысына қосымша
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ 299-қ қаулысына қосымша
Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№
Елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жері
Аймаққа бөлу коэффициенті
1.
Маңғыстау ауылы
1.1
№ 1, 1а, 1б, 1в, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 орамдары, Есмәмбет, Шапағат, Оңғарбекұлы көшелері
2
1.2
Ақеспе, Бозжыра, Шерқала тұрғын үй алаптары
1,85
1.3
Айрақты тұрғын үй алабы
1,95
1.4
Бесшоқы тұрғын үй алабы
1,95
2.
Баянды ауылы
1,8
3.
Қызылтөбе ауылдық округі
2,1
4.
Атамекен ауылдық округі
2
5.
Басқұдық ауылдық округі
1,9
6.
Дәулет ауылдық округі
1,7
7.
Батыр ауылдық округі
1,6