О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 января 2020 года № 32/НҚ и Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 28 января 2020 года № 25 «Об утверждении Методики операционной оценки деятельности государственных органов по блоку «Организационное развитие государственного органа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 января 2020 года № 32/НҚ и Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 28 января 2020 года № 25 «Об утверждении Методики операционной оценки деятельности государственных органов по блоку «Организационное развитие государственного органа»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметін операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 32/НҚ және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 25 бірлескен бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 460/НҚ
- Қабылданған күні
- 31.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2024 205567_741396.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034879
- ЭКБ идентификаторы
- 205567
- Редакция идентификаторы
- 205567_741396
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:18
0
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметін операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 32/НҚ және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 25 бірлескен бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. ««Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметін операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 32/НҚ және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 25 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметін операциялық бағалау әдістемесінде:
2-тармағының 3) және 4)-тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
«3) архитектуралық порталда «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу – мемлекеттік органның сервистік интеграторға ақпараттық жүйенің сипаттамасы көрсетілген сұрау салуды есепке алуға ұсыну, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізу актісінің және техникалық құжаттаманы ұсыну процесі;
4) архитектуралық порталда есепке алынған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің үлесі – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасыны орналастыру жүзеге асырылған ақпараттық жүйелер;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қайта тексеру шеңберінде бағалауға уәкілетті органдар құпиялылық грифі, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, растайтын құжаттарды алады.».
2 2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Салаларды цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы