Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Алтынсаринского района от 27 августа 2020 года № 322 «Об организации и проведении мирных собраний»

Өзге акт · № 82 · қабылданған 05.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-322/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Алтынсаринского района от 27 августа 2020 года № 322 «Об организации и проведении мирных собраний» Қолданыста Өзге акт ·№ 82 ·05.06.2024
05.06.2024 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Алтынсаринского района от 27 августа 2020 года № 322 «Об организации и проведении мирных собраний»

Қолданыста Өзге акт ·№ 82 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Алтынсаринского района от 27 августа 2020 года № 322 «Об организации и проведении мирных собраний»
Атауы (қаз.)
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» Алтынсарин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
82
Қабылданған күні
05.06.2024
Көрсетілген редакция
05.06.2024 197574_704252.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24NE102311
ЭКБ идентификаторы
197574
Редакция идентификаторы
197574_704252
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:13

0 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» Алтынсарин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» Алтынсарин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 322 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар»;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 18 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды;»
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 20 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы