Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 27 августа 2020 года № 346 «Об определении мест для осуществления выездной торговли на территории города Курчатов»

Қаулы · № 58 · қабылданған 12.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-346/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 27 августа 2020 года № 346 «Об определении мест для осуществления выездной торговли на территории города Курчатов» Күшін жойған Қаулы ·№ 58 ·12.05.2022
09.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 27 августа 2020 года № 346 «Об определении мест для осуществления выездной торговли на территории города Курчатов»

Күшін жойған Қаулы ·№ 58 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 27 августа 2020 года № 346 «Об определении мест для осуществления выездной торговли на территории города Курчатов»
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 «Курчатов қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
58
Қабылданған күні
12.05.2022
Көрсетілген редакция
09.12.2024 167976_751236.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22VC028117
ЭКБ идентификаторы
167976
Редакция идентификаторы
167976_751236
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:59

0 Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 «Курчатов қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 «Курчатов қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1 «1. Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерді орналастыру орындары

Курчатов қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 58 қаулыға
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының
Курчатов қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 27 тамыздағы
№ 346 қаулысына
қосымша
Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерді орналастыру орындары

Нақты орналасқан жері
Алып жатқан алаңы (шаршы метр)
Жақын инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
1
Курчатов қаласы, Абай көшесі, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы
4
«Әмір», «Дүкен 51» дүкендері
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар
5
2
Курчатов қаласы, Школьная көшесі, № 3 үйге қарама-қарсы
4
«Тройка», «Магнит», «Окей» дүкендері
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар
5
3
Курчатов қаласы,
Абай көшесі, «Жайлаубай» базарының ғимаратына қарама-қарсы
4
«Жайлаубай» базары
«Арагоста» кафесі
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар
5
4
Курчатов қаласы, Железнодорожная көшесі, «Дегелен» теміржол станциясының ғимаратына қарама-қарсы
4
Азық-түлік дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар
5

Қолданыстағы