О внесении изменений в решение Шетского районного маслихата от 27 марта 2020 года № 37/339 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шетского районного маслихата от 27 марта 2020 года № 37/339 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района»
- Атауы (қаз.)
- Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 37/339 «Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9/107
- Қабылданған күні
- 27.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 163117_554948.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KQ026430
- ЭКБ идентификаторы
- 163117
- Редакция идентификаторы
- 163117_554948
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:33
0
Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы №37/339 «Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шет аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1
1. Шет аудандық мәслихатының «Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» 2020 жылғы 27 наурыздағы №37/339 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5779 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»;
1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетудің қоса беріліп отырған қағидалары және мөлшері бекітілсін»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшері
Шет аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 27
желтоқсандағы
№ 9/107
шешімге қосымша
Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшері
1 1. Осы қағидалар Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2
2. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) жыл сайын жылына бір рет 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.