Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 27 ноября 2020 года № 45/452 «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Каракиянского района»

Өзге акт · № 9/78 · қабылданған 12.11.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-45452/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 27 ноября 2020 года № 45/452 «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Каракиянского района» Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/78 ·12.11.2021
06.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 27 ноября 2020 года № 45/452 «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Каракиянского района»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/78 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 27 ноября 2020 года № 45/452 «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Каракиянского района»
Атауы (қаз.)
«Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 45/452 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/78
Қабылданған күні
12.11.2021
Көрсетілген редакция
06.10.2023 163167_659817.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21MD00978M
ЭКБ идентификаторы
163167
Редакция идентификаторы
163167_659817
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:58

0

«Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 45/452 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 45/452 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4363 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы»;
шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шешімге қосымша
Қарақия аудандық мәлихатының
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ 45/452 шешімімен бекітілген
Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында
жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындары (одан әрі – бөлек жиын), жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді ауыл, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы