О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Акбулакского сельского округа от 27 февраля 2020 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий на улице Курмантаева села Акбулак Акбулакского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Акбулакского сельского округа от 27 февраля 2020 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий на улице Курмантаева села Акбулак Акбулакского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алып тастау және Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 5 «Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 29.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2020 142328_458695.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UJB05581
- ЭКБ идентификаторы
- 142328
- Редакция идентификаторы
- 142328_458695
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:42
0 Шектеу іс-шараларын алып тастау және Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 5 «Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 8 сәуірдегі №02-05/136 ұсынысы негізінде, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесінде шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2
2. Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 ақпандағы №5 «Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5457 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.