О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 27 января 2020 года № 6 «Об установлении карантина и ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 27 января 2020 года № 6 «Об установлении карантина и ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 «Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 11.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2020 139521_456911.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20M0004131
- ЭКБ идентификаторы
- 139521
- Редакция идентификаторы
- 139521_456911
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:03
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 «Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №01-19/94 ұсынысының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 «Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4123 болып тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Карантин белгілеу туралы»;
1 тармақта:
4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«4) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Ө. Шәмбіловтың № 59 өндірістік базасы;»;
келесідей мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы «Сұршоқы» қыстағындағы Ө.Тоғаевтың қора-жайы;
6) Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы «Қошанай» қыстағындағы Қ. Тлеповтың қора-жайы;
7) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы «Қаңға» қыстағындағы А.Таласбаеваның қора-жайы;
8) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы «Ұзынқұдық» қыстағындағы Қ. Мәдиевтің «Азамат» шаруа қожалығы;
9) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы «Кезқора» қыстағындағы Н. Араловтың қора-жайы;
10) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы «Ұзынқұдық» қыстағындағы Қ. Қосжановтың қора-жайы;
11) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Е. Алиевтің № 100 өндірістік базасы.»;
2 тармақ алынып тасталсын.