О внесении изменений и дополнений в решение Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территор
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Ескельдинского районного маслихата от 27 августа 2020 года № 68-387 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территор
- Атауы (қаз.)
- Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 «Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқынд
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39-132
- Қабылданған күні
- 10.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 10.11.2022 173678_599858.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22IE030506
- ЭКБ идентификаторы
- 173678
- Редакция идентификаторы
- 173678_599858
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:06
0 Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы
№ 68-387 «Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Ескелді аудандық мәслихатының «Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1,2 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.»;
көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.».
көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген шешім осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ескелді аудандық мәслихаты
2022 жылғы 10 қарашадағы № 39-132
Мәслихаттың шешіміне 1 қосымша
Ескелді аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387
шешіміне 1 қосымша
Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1 1. Алаң, Қарабұлақ ауылы, М. Әуезов көшесі, 33а.
2 2. Алаң, Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесі, №55.
3 3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Даиров және Оразбеков көшелерінің қиылысынан Даиров көшесінің бойымен, Даиров және Сырғабаев көшелерінің қиылысына дейін.
7 Мәслихаттың шешіміне 2 қосымша
Ескелді аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387
шешіміне 2 қосымша
Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары,
сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.
2
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4 4. Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1 1) алаң, Қарабұлақ ауылы, М. Әуезов көшесі, 33а, шекті толу нормасы 300 адам;
2 2) алаң, Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесі, №55, шекті толу нормасы 100 адам;
3 3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Даиров және Оразбеков көшелерінің қиылысынан Даиров көшесінің бойымен, Даиров және Сырғабаев көшелерінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 250 адам.
5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7 7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8 8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9 9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ескелді ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
20 Мәслихаттың шешіміне 3 қосымша
Ескелді аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387
шешіміне 3 қосымша
Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін
іргелес аумақтардың шекаралары
Ескелді ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді: