Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Казалинского района от 27 мая 2020 года № 97 «Об образовании избирательных участков»

Өзге акт · № 1 · қабылданған 27.01.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-97/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Казалинского района от 27 мая 2020 года № 97 «Об образовании избирательных участков» Күшін жойған 21.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение акима Казалинского района от 27 мая 2020 года № 97 «Об образовании избирательных участков»

Күшін жойған Өзге акт № 1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Казалинского района от 27 мая 2020 года № 97 «Об образовании избирательных участков»
Атауы (қаз.)
«Сайлау учаскелерін құру туралы» Қазалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
27.01.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.02.2026
Көрсетілген редакция
21.05.2026 221824_839795.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26LD00001B
ЭКБ идентификаторы
221824
Редакция идентификаторы
221824_839795
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:40
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қазалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімдігінің 21.05.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 6-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қазалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 97 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 79 сайлау учаскесі алынып тасталсын.
осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 80 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 80 сайлау учаскесі
Мекен-жайы: «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «225 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы, Кәукей көшесі №3;
Шекаралары: Қызылқұм ауылдық округінің Кәукей ауылы, Ажар елді мекені және «Жанқожа батыр», «Кәрібай бұлақ» шекара заставалары.
осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 85 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 85 сайлау учаскесі
Мекен-жайы: «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 100 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі, Ақсуат ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі № 38;
Шекаралары: Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылы, Майлыбас стансасы, № 99 теміржол бекеті және Бірлік учаскесі.
осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 87 сайлау учаскесі алынып тасталсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ» Қазалы ауданының
аумақтық сайлау комиссиясымен