Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Бескарагайского районного маслихата от 27 октября 2021 года № 10/6-VІI «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бескарагайском районе»

Өзге акт · № 14/4-VIII · қабылданған 19.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2021-no-106-vi-ekb-195023/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Бескарагайского районного маслихата от 27 октября 2021 года № 10/6-VІI «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бескарагайском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 14/4-VIII ·19.03.2024
19.03.2024 редакциясы
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Бескарагайского районного маслихата от 27 октября 2021 года № 10/6-VІI «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бескарагайском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 14/4-VIII · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Бескарагайского районного маслихата от 27 октября 2021 года № 10/6-VІI «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бескарагайском районе»
Атауы (қаз.)
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы № 10/6-VІI «Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/4-VIII
Қабылданған күні
19.03.2024
Көрсетілген редакция
19.03.2024 195023_691394.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FF024318
ЭКБ идентификаторы
195023
Редакция идентификаторы
195023_691394
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:31

0 Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы № 10/6-VІI «Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Бесқарағай аудандық мәслихатының «Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 27 қазандағы № 10/6-VІI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25078 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Бесқарағай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 14/4-VIII шешімге
қосымша
2021 жылғы 27 қазандағы
№ 10/6-VІI шешіммен
бекітілген
Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарынды өтеу) «Абай облысы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе «электрондық үкімет» веб-порталға (бұдан әрі – портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2- қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген кажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы