О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 11-1-4/590 «Об утверждении Правил определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 11-1-4/590 «Об утверждении Правил определения проекта инвестиционным для предоставления земельных участков из государственной собственности»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/664
- Қабылданған күні
- 02.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2024 203488_734842.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035435
- ЭКБ идентификаторы
- 203488
- Редакция идентификаторы
- 203488_734842
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:14
0 «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны
инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы
27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларында:
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш беруші – жобаны іске асыратын, инвестициялық айқындауға жататын және республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – әкімдік) жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
2) осы Қағидаларға қоса берілетін 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;
3) Қағидалар шеңберінде сұрау салынатын жер учаскесі елді мекеннен тыс болған кезде не бекітілген базалық мөлшерлемелер мен елді мекеннің белгіленген шекаралары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі;
4) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
5) өтініш беруші жарғысының көшірмесі (өтініш беруші үлгілік жарғы негізінде қызметті жүргізген кезде ұсынылмайды);
6) әкімдікке өтініш берілген күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілген өтініш берушінің салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің қаржылық дәрменділігін растайтын келесі құжаттардың бірі немесе бірнешеуі:
өтініш берушінің банктердегі шоттарында өз қаражатының болуын растайтын құжаттар;
мүліктің бар екендігін растайтын құжаттар;
бизнестегі үлестің немесе өзге активтердің болуын растайтын құжаттар;
шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және халықаралық стандартқа сәйкес жасалған қаржылық есептілік негізінде түріндегі өтінім берілген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) жылдағы компанияның айналымын (түсімін) растайтын құжаттар;
несие желісінің немесе қарыз қаражатының болуын растайтын құжаттар;
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар (банк кепілдігі, кепілгерлік, шығындарды жабуды қамтамасыз ететін сақтандыру полисі және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 292-бабына сәйкес өзге де құжаттар).
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар толық ұсынылмаған, сондай-ақ өтініш беруші өкілінің өкілеттігін растайтын құжат болмаған жағдайда, әкімдік құжаттарды ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қараусыз қайтарады.
Құжаттарды қайтару құжаттарды қайтару себептері жойылғаннан кейін өтініш беруші қайта жүгінген кезде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің қаржылық дәрменділігін растау жөніндегі талаптар инвестициялар көлеміне тәуелді және мынадай түрде белгіленеді:
1) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен 1 000 000 еселенген мөлшеріне дейінгі жобалар үшін жобалар құнының кемінде 50% мөлшерінде қаржылық дәрменділігін растау;
2) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 000 еселенген мөлшерінен 7 500 000 еселенген мөлшеріне дейінгі жобалар үшін жоба құнының кемінде 15% мөлшерінде қаржылық дәрменділігін растау;
3) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 7 500 000 еселенген мөлшерінен басталатын жобалар үшін жоба құнының кемінде 5% мөлшерінде қаржылық дәрменділікті растау.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 11-1-4/664
бұйрығына қосымша
«Мемлекеттік меншіктен
жер учаскелерін беру үшін
жобаны инвестициялық деп
айқындау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
__________________________________
республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі, __________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
__________________________________
Кімнен:___________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________________________,
Байланыс телефоны, мекенжайы: ______________________________
Мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру үшін_________________________________
(жобаның толық атауы)
жобаны инвестициялық деп айқындау мүмкіндігін қарастыруды өтінемін.
Жобаның түрі:
Жобаның мақсаты:
Жер учаскесінің қажетті көлемі:
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) __________________________________;
2) __________________________________;
3) __________________________________;
4) __________________________________;
5) _________________________________;
6) _________________________________;
7) _________________________________.
Күні _____________ Қолы _____________».