Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 120 «Об утверждении Правил размещения государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества и их функционирования»

Бұйрық · № 38 · қабылданған 18.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2021-no-120/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 120 «Об утверждении Правил размещения государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества и их функционирования» Қолданыста Бұйрық ·№ 38 ·18.03.2025
18.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 120 «Об утверждении Правил размещения государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества и их функционирования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 38 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 120 «Об утверждении Правил размещения государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества и их функционирования»
Атауы (қаз.)
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
18.03.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.07.2025
Көрсетілген редакция
18.03.2025 208288_750146.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035841
ЭКБ идентификаторы
208288
Редакция идентификаторы
208288_750146
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:32

0 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
2) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру рәсімін әкімшілендіруді орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі;
3) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.»;
21-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі

Қолданыстағы