Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июля 2021 года № 270 «Об утверждении Правил разработки и пересмотра экологических нормативов качества»

Бұйрық · № 204 · қабылданған 14.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2021-no-270/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июля 2021 года № 270 «Об утверждении Правил разработки и пересмотра экологических нормативов качества» Күшіне енбеген 14.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июля 2021 года № 270 «Об утверждении Правил разработки и пересмотра экологических нормативов качества»

Күшіне енбеген Бұйрық № 204 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июля 2021 года № 270 «Об утверждении Правил разработки и пересмотра экологических нормативов качества»
Атауы (қаз.)
«Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
204
Қабылданған күні
14.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
28.09.2026
Көрсетілген редакция
14.09.2026 I230085_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039890
ЭКБ идентификаторы
230085
Редакция идентификаторы
I230085_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:04
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23830 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларында:
8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Сапаның экологиялық нормативтері нақты аумаққа немесе акваторияға тән табиғи факторлардың әсерінен қалыптасқан табиғи экологиялық жүйелер мен объектілер, сондай-ақ осындай аумақтарды немесе акваторияларды пайдалану мақсаты үшін белгіленеді.»;
24-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«24. Ластағыш заттар үшін атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі массалық концентрациялар Кодекстің 200-бабының 4-тармағына сәйкес стандартты жағдайлар үшін 273.15 К және 101.3 кПа деп айқындалады.»;
35-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«35. Егер атмосфералық ауа сапасының белгіленген экологиялық нормативтерін сақтау кезінде жекелеген аумақтар шегінде кемінде бес жыл кезеңде ғылыми зерттеулермен расталған табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы және (немесе) физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейлері түрінде қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нысаналы көрсеткіштерін белгілейді.»;
40-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) «Жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 111-НҚ бұйрығына сәйкес су пайдаланудың әрбір сыныбы үшін шекті жол берілетін концентрацияларды белгілеу.»;
48-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«48. Егер су сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің кемінде бес жыл кезең ішінде ғылыми зерттеулермен расталған нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде су сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нысаналы көрсеткіштерін белгілейді.»;
56-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«56. Егер топырақ сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің кемінде бес жылдық кезең ішіндегі ғылыми зерттеулермен расталған нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде топырақ сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нысаналы көрсеткіштерін белгілейді.».

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі