О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 27 декабря 2021 года № 596 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 27 декабря 2021 года № 596 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 10.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2022 165391_564059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22N000111A
- ЭКБ идентификаторы
- 165391
- Редакция идентификаторы
- 165391_564059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:12
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың:
8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ діни бірлестіктер берген ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарайды;»;
16) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«16) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде жалпы профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер жөнінде әділет органдарын хабардар етуін;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;