О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 27 декабря 2021 года № 596 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 27 декабря 2021 года № 596 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 274
- Қабылданған күні
- 09.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2026 229965_840442.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26N000274A
- ЭКБ идентификаторы
- 229965
- Редакция идентификаторы
- 229965_840442
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 19.09.2026 03:41
0 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Басқарманың мынадай ведомстволық бағынысты ұйымы бар: Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының «Діндерді зерделеу және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 70.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл және алдын алу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) діни бірлестіктермен қарым-қатынасты реттеу және діни экстремизм мен терроризмді алдын алу саласындағы мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасайды және бағдарламалық құжаттарға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;»;
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын келіседі, сондай-ақ діни бірлестіктер берген ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарайды;»;
11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«11) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 453, 490-баптарымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырып, одан әрі сот органдарына береді;»;
16), 17), 18) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«16) мақсатты ақпараттық-түсіндіру, қарсы насихаттау және оңалту жұмыстары саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіреді;
17) деструктивті діни ағымдар идеологиясына ұшыраған тұлғаларға қатысты оңалту іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді;
18) миссионерлердің қызметі, діни әдебиеттерді тарату, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы мәселелері бойынша діни бірлестіктердің жетекшілерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, діни ахуалға мониторинг жүргізеді;»;
19), 20), 22) тармақшалар алынып тасталсын;
19-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Басқарма қызметкерлерін және осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«8) Басқарма қызметкерлері мен осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйым басшысына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;».
2. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;