О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 27 декабря 2021 года № 596 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 27 декабря 2021 года № 596 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 27.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2023 179295_623105.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23N000120A
- ЭКБ идентификаторы
- 179295
- Редакция идентификаторы
- 179295_623105
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:08
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85-үй.».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;