О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 27 июня 2022 года № 154 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 27 июня 2022 года № 154 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 223
- Қабылданған күні
- 04.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 187066_658579.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23SE00223A
- ЭКБ идентификаторы
- 187066
- Редакция идентификаторы
- 187066_658579
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:30
0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
3
«3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алулар», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз жұмысын іске асырады.»;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
7
«7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»;
13-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
1
«1) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережемен үйлестіру және ұйымдастыру.»;
15-тармақтың 1) және 39) тармақшалары алынып тасталсын;
15-тармақтың 16) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
16 «16) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу;»;
25-тармақ алынып тасталсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;