О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 27 июня 2022 года № 273 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 27 июня 2022 года № 273 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции»
- Атауы (қаз.)
- «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 218
- Қабылданған күні
- 04.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2025 213024_768422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25N000218A
- ЭКБ идентификаторы
- 213024
- Редакция идентификаторы
- 213024_768422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:56
0 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 273 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28697 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ауылшаруашылық өнімін тереңдете өндеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өндеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Қостанай облысы әкімдігінің
2025 жылғы 4 тамыздағы
№ 218 қаулысына
қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 27 маусымдағы
№ 273 қаулысымен
бекітілген
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өндеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Ауылшаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)
Сүт
Сары
май
67,0
Сүт
Қатты
ірімшік
34,0
Сүт
Құрғақ сүт
(майы алынбаған, майы алынған)
19,0