О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 мая 2022 года № 293 «Об утверждении Правил и условий заключения, а также оснований для изменения и расторжения соглашения о промышленной сборке сельскохозяйственной техники с юридическими лицами Республики Казахстан и его типовой формы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 мая 2022 года № 293 «Об утверждении Правил и условий заключения, а также оснований для изменения и расторжения соглашения о промышленной сборке сельскохозяйственной техники с юридическими лицами Республики Казахстан и его типовой формы»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 05.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2024 193082_683049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400033972
- ЭКБ идентификаторы
- 193082
- Редакция идентификаторы
- 193082_683049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:20
0
«Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарында, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанында:
5 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тракторлар мен комбайндарды өндіру кезінде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын өндірушілерді қоспағанда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарт.»;
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1. Өнеркәсіптік құрастыру туралы бұрын жасалған келісімдерге қосымша келісімдер жасалған кезде осы Қағидалардың 5-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, осы Қағидалардың 5-11 тармақтарының талаптары қолданылады.».