О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 мая 2022 года № 297 «Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственного стимулирования промышленности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 мая 2022 года № 297 «Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственного стимулирования промышленности»
- Атауы (қаз.)
- «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 26.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2024 192918_684188.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400033940
- ЭКБ идентификаторы
- 192918
- Редакция идентификаторы
- 192918_684188
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:24
0 «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28262 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесінде:
1-тарауда:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
3-тарауда:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы үшін мынадай өлшемшарттар айқындалған:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде заттай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
2) лизингтік қаржыландыру:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес заттай мәнде пайдалануға берілгеннен кейін өндірілетін өнім көлемін ұлғайту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін лизинг мерзімі ішінде жұмыс орындарын құру және/немесе сақтау;
3) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілдемелер беру:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде заттай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
4) қаржы институттары арқылы кредит беру:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес заттай мәнде пайдалануға берілгеннен кейін өндірілетін өнім көлемін ұлғайту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін лизинг мерзімі ішінде жұмыс орындарын құру және/немесе сақтау;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде заттай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
6) ішкі нарықта ынталандыру:
2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
7) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:
2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
8) өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға берілетін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;
9) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін пайдалану:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;
10) еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру:
2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
11) аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру:
аумақтық кластерлер қатысушыларының өнім өндіруші кәсіпорындардың еңбек өнімділігін бірлескен жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша кемінде 2%-ға арттыру;
бірлескен жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша аумақтық кластерлерге қатысушылардың өнім экспортының көлемін кемінде 3%-ға ұлғайту;
12) берешекті қайта құрылымдау:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде заттай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
13) өнеркәсіптік гранттар беру:
кәсіпорынның өндіріс көлемін заттай мәнде 2 (екі) жыл ішінде 10%-ға ұлғайту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
2 (екі) жыл ішінде экспорт көлемін заттай мәнде 10%-ға ұлғайту.»;
1-қосымшада:
1-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады»;
«Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
р/с №
Ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы
Аймақ (облыс, қала)
Әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы (ӘАОС)
Сала
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы
Субъектінің санаты
Нақты бөлінген бюджет қаражатының сомасы, мың теңге
1
2
Барлығы:
Кестенің жалғасы
Әсерлер
1-өлшемшарт
Балл
2-өлшемшарт
Балл
∑
Өлшемшарттар бойынша балдар
Жоспар
Нақты
Жоспар
Нақты
Кестенің жалғасы
Жоба мәртебесі
».
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі