Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 декабря 2022 года № 776 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан и его ведомств, уязвимых в террористическом отношении»

Бұйрық · № 151 · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2022-no-776-ekb-228628/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 декабря 2022 года № 776 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан и его ведомств, уязвимых в террористическом отношении» Қолданыста 31.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 декабря 2022 года № 776 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан и его ведомств, уязвимых в террористическом отношении»

Қолданыста Бұйрық № 151 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 декабря 2022 года № 776 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан и его ведомств, уязвимых в террористическом отношении»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 776 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
151
Қабылданған күні
31.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
24.08.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 228628_834453.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039534
ЭКБ идентификаторы
228628
Редакция идентификаторы
228628_834453
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:15
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 776 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 776 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31288 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:
36-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«36. Паспорттың жобасы объектінің меншік иесі, иеленуші, объект басшысы объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жасалады. Қажет болған жағдайда объектінің күрделілігін ескере отырып, оның басшысы терроризмге қарсы комиссияға паспортты жасау мерзімін ұзарту туралы негізделген өтініш жібере алады.»;
42-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«42. Министрлік объектісінің басшысы астана, республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) және терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы (бұдан әрі – жедел штаб) өкілдерінің сұрау салуы бойынша оларға объектінің паспортын беруге міндетті, жедел штаб өкіліне паспорттың көшірмесін немесе өзін беру таратылуы шектелген құжаттар үшін белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
45-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«45. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын сараланған талаптарды белгілеу мақсатында терроризм актісі жасалуының ықтимал салдарларына қарай және оның Министрлік құзыреті саласындағы салалардың орнықты жұмыс істеуі үшін маңыздылығы негізінде Министрлік объектілерін топтарға бөлу жүргізіледі:
1-топ – Министрліктің орталық аппаратының объектілері;
2-топ – Министрлік ведомстволарының объектілері;
3-топ – астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің шешімімен террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне енгізілген өңіраралық, облыстық маңызы бар ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің объектілері.».

3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі