Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 27 июня 2023 года № 10 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе»

Өзге акт · № 6 · қабылданған 05.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2023-no-10/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 27 июня 2023 года № 10 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 6 ·05.02.2025
05.02.2025 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 27 июня 2023 года № 10 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 6 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 27 июня 2023 года № 10 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе»
Атауы (қаз.)
Бұқар жырау аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 маусымдағы № 10 «Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
05.02.2025
Көрсетілген редакция
05.02.2025 207064_743957.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25KK671009
ЭКБ идентификаторы
207064
Редакция идентификаторы
207064_743957
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:13

0 Бұқар жырау аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 маусымдағы № 10 «Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 10 «Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6460-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын:
«Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 5 ақпандағы
№ 6
шешіміне қосымша
Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
27 маусымдағы № 10
шешіміне қосымша
Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

1

1. Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары).

2

2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізіледі.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтату келесі мән-жайларда пайда болады: мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Бұқар жырау ауданының кентінің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшуі.
Мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі немесе өзге де заңды өкілдері жоғарыда аталған мән-жайлардың басталғаны туралы «Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемені дереу хабардар етсін.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасында көзделген.

Қолданыстағы