О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 27 апреля 2023 года № 189 «Об утверждении Правил гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, и определения размера такого гарантирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 27 апреля 2023 года № 189 «Об утверждении Правил гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, и определения размера такого гарантирования»
- Атауы (қаз.)
- «Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 619
- Қабылданған күні
- 07.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2023 192536_681226.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033751
- ЭКБ идентификаторы
- 192536
- Редакция идентификаторы
- 192536_681226
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:05
0 «Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32398 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдіктің мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепілгер Кредиторға нысаналы мақсаты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелерін қоса алғанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтеріне ақы төлеу болып табылатын білім беру кредиті бойынша кепілдік береді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кредитор қарыз алушыға білім беру кредитін әрқайсысы бір академиялық кезеңге (семестр, триместр, тоқсан) оқу құнынан аспайтын жеке транштармен береді.
Кредитор білім беру кредитінің сомасын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелерін қоса алғанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының банктік шотына қолма-қол ақшасыз тәртіппен аударады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі