О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 июня 2023 года № 249 «Об утверждении технического регламента о безопасности средств защиты растений (пестицидов)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 июня 2023 года № 249 «Об утверждении технического регламента о безопасности средств защиты растений (пестицидов)»
- Атауы (қаз.)
- «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297
- Қабылданған күні
- 04.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2024 200832_720120.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24F0000297
- ЭКБ идентификаторы
- 200832
- Редакция идентификаторы
- 200832_720120
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:47
0 «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32940) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентте:
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
1 Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына міндетті сертификаттау нысанында сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 297 бұйрығына
қосымша
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке
1-қосымша
Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына міндетті сертификаттау нысанында сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) тізбесі
Р/с №
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды
Позиция атауы
1
2
3
1
3808
Инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, дефолианттар, десиканттар, фумиганттар, өскінге қарсы құралдар мен өсімдіктердің өсуін реттеуіштер
2
*аталған топқа субпозицияға ескертпеде көрсетілген тауарлар
3
3808 52 000 0
– – ДДТ (ISO) (клофенотан (INN)), таза салмағы 300 грамнан аспайтын пакеттерде
4
3808 59 000
– – басқалары:
5
3808 59 000 1
– – – Құрамында 4,6-динитро-о- крезол (ДНОК (ISO)) немесе оның тұздары немесе трибутилол қосылыстары немесе көрсетілген заттардың қоспалары болатын
– – – басқалары:
7
3808 59 000 5
– – – – инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, дезинфекциялық құралдар, құрамында алахлор (ISO) немесе, алдикарб (ISO), немесе азинофос метилы (ISO), немесе карбофуран (ISO), немесе эндосульфан (ISO), перфтороктансульфон қышқылы және оның тұздары, немесе перфтороктансульфоналдар, немесе перфтороктансульфонилфторид, немесе трихлорфон (ISO)
3808 59 000 9
– – – – басқалары
8
3808 91
– – инсектицидтер:
9
3808 91 100 0
– – – пиретроидтар негізіндегі
10
3808 91 200 0
– – – хлорланған көмірсутегілер негізіндегі
11
3808 91 350 0
– – – карбаматтар негізіндегі
12
3808 91 450 0
– – – фосфорорганикалық қосылыстар негізіндегі
13
3808 91 800 0
– – – басқалары
14
3808 92
– – фунгицидтер:
– – – бейорганикалық:
15
3808 92 100 0
– – – – мыс қосылыстары негізіндегі препараттар
16
3808 92 200 0
– – – – басқалары
– – – басқалары:
17
3808 92 300 0
– – – – дитиокарбаматтар негізіндегі
18
3808 92 400 0
– – – – бензимидазолдар негізіндегі
19
3808 92 500 0
– – – – диазолдар немесе триазолдар негізіндегі
20
3808 92 600 0
– – – – диазиндер немесе морфолиндер негізіндегі
21
3808 92 800 0
– – – – басқалары
22
3808 93
– – гербицидтер, өскінге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер:
– – – гербицидтер:
23
3808 93 110 0
– – – – феноксифитогормондар негізіндегі
24
3808 93 130 0
– – – – триазиндер негізіндегі
25
3808 93 150 0
– – – – амидтер негізіндегі
26
3808 93 190 0
– – – – карбомадтар негізіндегі
27
3808 93 210 0
– – – – динитроанилиндер туындылары негізіндегі
28
3808 93 230 0
– – – – карбамид, урацил немесе сульфонилкарбамид туындылары негізіндегі
29
3808 93 290 0
– – – – басқалары
30
3808 93 300 0
– – – өскінге қарсы құралдар
31
3808 93 900 0
– – – өсімдіктердің өсуін реттеуіштер
32
3808 99
– – басқалары:
33
3808 99 200 0
– – – родентицидтер
34
3808 99 800 0
– – – басқалары
Ескертпе:
* 3808 52 және 3808 59 субпозицияларына мынадай бір немесе бірнеше заттардан тұратын 3808 тауарлық позициясының тауарлары ғана енгізіледі: алахлор (ISO); алдикарб (ISO); альдрин (ISO); алахлор (ISO); алдикарб (ISO); бинапакрил (ISO); камфехлор (ISO) (токсафен); каптафол (ISO); карбофуран (ISO); хлордан (ISO); хлордимеформ (ISO); хлорбензилат (ISO); ДДТ (ISO) (клофенотан (INN), 1,1,1-трихлор-2,2-бис(п-хлорфенил)этан); диэлдрин (ISO, INN); 4,6-динитро-o-крезол (ДНОК (ISO)) немесе оның тұздары; диносеб (ISO), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; эндосульфан (ISO); этилендибромид (ISO) (1,2-дибромэтан); этилендихлорид (ISO) (1,2-дихлорэтан); фторацетамид (ISO); гептахлор (ISO); гексахлорбензол (ISO); 1,2,3,4,5,6-гексахлорциклогексан (ГХГ (ISO)); линданды (ISO, INN) қоса алғанда, сынап қосылыстары; метамидофос (ISO); монокротофос (ISO); оксиран (этиленоксид); паратион (ISO); паратионметил (ISO) (метилпаратион); пентахлорфенол (ISO), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; перфтороктансульфонал қышқылы және оның тұздары; перфтороктансульфонамидтер; перфтороктансульфонилфторид; фосфамидон (ISO); 2,4,5-Т (ISO) (2,4,5-трихлорфеноксисірке қышқылы), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; трибутилқалайы қосылыстары; трихлорфон (ISO).