О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 27 апреля 2023 года № 27/2 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Павлодарского городского маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 27 апреля 2023 года № 27/2 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Павлодарского городского маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 27/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 342/45
- Қабылданған күні
- 11.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2026 229166_836288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26PA34245M
- ЭКБ идентификаторы
- 229166
- Редакция идентификаторы
- 229166_836288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 26.08.2026 03:34
0 Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 27/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 27/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Павлодар қалалық
мәслихатының 2026 жылғы
«11» тамыздағы
№ 342/45 шешіміне
қосымша
Павлодар қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 27/2 шешімімен
бекітілген
«Павлодар қалалық мәслихат аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- мәслихат аппараты) Павлодар қалалық мәслихатының (бұдан әрі-қалалық мәслихат) ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихат төрағасының өкімімен ресімделетін шешімдерді және мәслихат аппараты басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.
Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.
10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен қалалық мәслихаттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) қалалық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) қалалық мәслихат қабылдайтын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, қалалық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеушілік міндеттермен қамтамасыз ету;
4) қалалық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
5) қалалық мәслихаттың қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;
6) мәслихаттың бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету;
7) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1.1) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
1.2) қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеуге қатысу үшін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
1.3) депутаттар сауалдарының және депутаттық ұсыныстардың уақтылы қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сұраулау жіберу;
1.4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Міндеттері:
2.1) өз құзыреті шегінде қалалық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
2.2) қалалық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
2.3) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
15. Функциялар:
1) мәслихат жұмысын жоспарлауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету: сессияларға қатысушыларды уақтылы хабардар ету және мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру;
2) комиссиялардың сессиялары мен отырыстарын құжаттамалық қамтамасыз ету, хаттамалау, аудио-бейнетіркеу, сондай-ақ жұмыс және қорытынды материалдарды дайындау, көбейту және тарату;
3) мәслихат шешімдерінің жобаларының ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптаманы жүзеге асыру;
4) соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда мәслихат пен оның аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;
5) мәслихат төрағасының және депутаттардың азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды есепке алуды жүргізу, тіркеу және қарауды бақылау;
6) қалалық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және шешімдердің өзге де жобаларын әзірлеуді бақылау, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;
7) саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерден округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдау, жинау және тексеру рәсімдерін ұйымдастыру;
8) аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы, сондай-ақ комиссия мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда олардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау;
9) заңда белгіленген округтік және учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру рәсімдері мен мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
10) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
11) мәслихаттың қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру, қалалық мәслихат қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
12) Ақпаратты жинау және талдау, атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау, сондай-ақ мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізу;
13) қалалық мәслихаттың ресми сайтын мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
14) мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету және өкілді органның бірыңғай интернет-ресурсын өзектендіру;
15) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
16) қалалық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруды бес жылда бір рет, жаңадан сайланған депутат өкілеттігінің алғашқы екі жылы ішінде қамтамасыз ету;
17) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепті жүргізуге, қаржылық есептілікті қалыптастыруға арналған шығыстарды жоспарлау;
18) мәслихат пен оның аппаратының мұқтажын қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;
19) кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру;
20) құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін, құжаттарды мұрағаттық сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ құпиялылық режимін сақтау және мемлекеттік құпияларды қорғау;
21) Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру және кеңестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйлестіру;
22) міндеттер мен функцияларды іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Мәслихат төрағасының, мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мәслихат төрағасы өкілді органның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның өкілеттігін аппаратпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
17. Қалалық мәслихат төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды тұлға болып табылады. Ол депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және мәслихат сессияда қызметінен босатылады.
Бір адам қалалық мәслихаттың төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
18) қалалық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе қалалық мәслихаттың депутаты уақытша жүзеге асырады .
19. Қалалық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) қалалық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) қалалық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) қалалық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) сайлаушылардың өтiнiштерi және олар бойынша қабылданған шаралар туралы қалалық мәслихатқа тұрақты түрде ақпарат берiп отырады;
8) қалалық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда қалалық мәслихаттың атынан өкілдік етеді;
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
14) көрсетілген Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламентінде және шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттігі:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды, сондай-ақ қалалық мәслихат төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаруды жүктеу туралы бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.
22. Мәслихат аппараты әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
23. Мәслихат аппараты мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
24. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.