О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 ноября 2023 года № 332 «Об утверждении Правил направления денег оператором расширенных обязательств производителей (импортеров), поступивших на его банковский счет от производителей и импортеров на организацию сбора, транспортировки, подготовки к повторному использованию, сортировки, обработки, переработки, обезвреживания и (или) утилизации отходов, образующихся после утраты потребительск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 ноября 2023 года № 332 «Об утверждении Правил направления денег оператором расширенных обязательств производителей (импортеров), поступивших на его банковский счет от производителей и импортеров на организацию сбора, транспортировки, подготовки к повторному использованию, сортировки, обработки, переработки, обезвреживания и (или) утилизации отходов, образующихся после утраты потребительск
- Атауы (қаз.)
- Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілерден және импорттаушылардан келіп түскен ақшаны оның банктік шотына жіберу қағи
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 09.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.11.2026
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2026 I229947_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039864
- ЭКБ идентификаторы
- 229947
- Редакция идентификаторы
- I229947_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:32
0
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілерден және импорттаушылардан келіп түскен ақшаны оның банктік шотына жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілерден және импорттаушылардан келіп түскен ақшаны оның банктік шотына жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері Операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1250 қаулысымен бекітілген мөлшерлерге сәйкес және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен ақшалай қаражатты беру жолымен қаптаманың, автокомпоненттердің, электрондық электр жабдығының, шамдардың қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне.
Бұл ретте, төлеуге жататын қалдықтар деп, пайдаланудан немесе тұтынудан кейін тауардан бөлінген, пайдаланылмайды және бастапқы мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын, өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан қаптама мен автокомпоненттердің қалдықтары түсініледі.
Қағаз қаптамасы - мыжылған және (немесе) жыртылған және (немесе) сығылған және (немесе) бумаға байланған;
Шыны қаптама - тұтынғаннан кейін бөтелкелер және (немесе) банкалар немесе олардың сынықтары; Полимер қаптамасы - мыжылған және (немесе) сығылған.»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) басқарушы компания – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1-4) тармақшасына сәйкес жасалған кондоминиум объектісін басқару шарты немесе көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) көппәтерлі тұрғын үйдің мүлік меншік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі – мүлік меншік іелерінің бірлестігі) – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 16-6) тармақшасына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, бір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері құрған, коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға»;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі -басқарушы компания немесе пәтер иелерінің кооперативі;
14-2) мүлік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі - МИБ) – кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және пәтер иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылған бірлестік, бір көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары;»;
мынадай мазмұндағы 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:
«42) қалдықтарды қайта өңдеу уақытының ұзақтығын хронометраждау (бұдан әрі – хронометраж) – белгілі бір уақыт ішінде кәсіпорынның техникалық регламентінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес, өндіріске қалдықтарды есептен шығару және дайын өнімді алу бойынша нақты мәліметтерді айқындау жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылатын уақытты есепке алудың аналитикалық әдісі;
43) ілеспе қалдықтар - Төлем алушының технологиялық регламентіне сәйкес дайын өнім болып табылмайтын, қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату нәтижесінде пайда болатын қалдықтар.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қаптама қалдықтарын (шыны, қағаз және картон, полимерлі және аралас материалдардан жасалған қаптамаларды) жинауды, сұрыптауды, тасымалдауды және (немесе) өңдеуді, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі 1-ақпараттық жүйеде үлгілік шартқа сәйкес келетін қызмет түрін таңдайды.
Автокомпоненттердің, электрондық және электрлік жабдықтардың қалдықтарын және металл қаптамаларды жинауды, сұрыптауды, өңдеуді, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды (толық цикл) жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі 1-ақпараттық жүйеде үлгілік шартқа сәйкес келетін қызмет түрін таңдайды.
Бұл ретте, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін және тіркеу кезінде көрсетілмеген қалдықтардың басқа түрлерін жинау, сұрыптау, тасымалдау, өңдеу, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектісіне 1-ақпараттық жүйеде Оператормен қосымша бөлек тиісті үлгілік шарт жасасу қажет.
Қосымша үлгілік шарттар жасасу үшін тіркеу осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру»;
2-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдер жасау тәртібі»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Мақұлданғаннан кейін 1-ақпараттық жүйеде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша қосылу туралы өтініш қалыптастырылады, оны кәсіпкерлік субъектісі ЭЦҚ арқылы толтырады және қол қояды.»;
31-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қорлардың кіріс ордеріне ЭЦҚ арқылы қол қойылады және қабылданатын әрі өлшенетін қалдықтардың әрбір рейсіне рәсімделеді.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Түсіндірмелерде көзделген белгіленген нысанға сәйкес қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушымен қалдықтарды жеткізу шартына қол қойылғаннан кейін, қалдықтар Түсіндірмелерге сәйкес бас базадан қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі өндірістік объектілерге тасымалданады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Тасымалдаушы 1-ақпараттық жүйеде тіркелу үшін мынадай құжаттардың:
1) «С» және (немесе) «СЕ» санатындағы және (немесе) «С1» кіші санатындағы және (немесе) «С1Е» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігінің;
2) қалдықтарды тасымалдауға қатысатын жүк көлігі құралын, оның ішінде тіркемені және (немесе) жартылай тіркемені (бар болса) тіркеу туралы куәліктер;
3) Кодекстің 337-бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсаттары мен хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізу туралы мәліметтерді;
Егер қалдықтарды тасымалдау кезінде тасымалдаушыда хабарламаны қабылдау талоны болмаған жағдайда, 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінен хабарламаны қабылдау талонын алған төлем алушымен жүргізушінің азаматтық-құқықтық қатынастарын растайтын шарт жасалады.
4) Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінен хабарламаны қабылдау талонын алған кәсіпкерлік субъектісімен жүргізушінің еңбек немесе азаматтық-құқықтық қатынастарын растайтын құжатты (болған жағдайда);
5) жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды растайтын қолданыстағы құжаттарды ұсынады.»;
«Тасымалдаушыны 1-ақпараттық жүйеде тіркеу кезінде мәліметтер қате толтырылған немесе құжаттар болмаған жағдайда, Оператор тасымалдаушының 1-ақпараттық жүйедегі мәліметтерді өзгертуге арналған өтінімі бойынша мұндай мәліметтерді түзетеді және құжаттарды қоса береді.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Оператор қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы әрбір есепті, алушы 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерге қол қойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте, әрбір қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті Оператордың растауы және оған сәйкес төлемдерді жүзеге асыру, есепті кезеңде осы Қағидалардың 74, 75, 76, 77, 78, 79 және 80-тармақтарына сәйкес қалдықтар іске асырылған төлем алушының қалдықтарды қайта пайдалану, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есебін Оператор қарап, растағаннан кейін жүзеге асырылады.
Оператор мынадай жағдайларда қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарауды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады:
қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушының мекенжайына тиісті ақпаратты сұратуды жүзеге асыру кезінде;
уәкілетті органға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушының қызметіне қатысты ақпаратты сұратуды жүзеге асыру кезінде;
қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі өндірістік объектілерге барумен қызметке және өндірістік процестерге мониторинг жүргізу кезінде.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Оператор 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарау кезінде мынадай жағдайларда оны пысықтауға жібереді, оның ішінде жиналған, тасымалданған және қайта өңдеуге берілген қалдықтардың массасын есепте көрсетілген қалдықтардың жалпы массасынан алып тастайды:
1) қалдықтарды жинауды, сондай-қыл қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушыға дейін тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі тәртіп бөлігінде Қағидаларда және (немесе) Түсіндірмелерде көзделген нормалар орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда;
2) осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес нормаларға сәйкес келмеу кезеңінде жиналған қалдықтар туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда;
3) осы Қағидалардың 44-тармағында көзделген құжаттар болмаған және (немесе) олар дұрыс ұсынылмаған жағдайда;
4) қалдықтарды жинау, сондай-ақ қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушыға дейін тасымалдау кезінде көлік құралының техникалық паспортында көрсетілген көлік құралының рұқсат етілген ең жоғары массасынан асып кеткен жағдайда;
5) қалдықтарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген қалдықтар массасы туралы мәліметтер мен қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушыға өткізілген қалдықтарға электрондық шот-фактурада көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ қалдықтарды теміржол көлігімен тасымалдауды растайтын теміржол жүкқұжаты (қалдықтар теміржол көлігімен тасымалданған жағдайда) арасында алшақтықтар болған жағдайда;
6) осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген талаптар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда;
7) осы Қағидалар мен Түсіндірмелердің нормалары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайларда.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Осы Қағидаларда және Түсіндірмелерде көзделген нормалар сақтала отырып жиналған, тасымалданған және қайта өңдеуге берілген қалдықтардың көлемі расталуға жатады.
Бұл ретте тиеу және (немесе) түсіру кезіндегі өлшеп-нақтау актілерінде көрсетілген қалдықтар массасы туралы мәліметтерде, сондай-ақ қалдықтарды теміржол көлігімен тасымалдауды растайтын теміржол жүкқұжатында (қалдықтар теміржол көлігімен тасымалданған жағдайда) қалдықтарды қабылдау-беру актісімен алшақтықтар болған жағдайда, осы массалардың ең азы есепке алуға жатады.
Қағидалардың 46-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, 46-тармақта көзделген ескертулер жойылған жағдайда, есеп жиналған, тасымалданған және қайта өңдеуге берілген қалдықтардың массасын есепте көрсетілген қалдықтардың жалпы массасынан алып тастамай мақұлдануға жатады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы Оператор 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынған ескертулердің жойылуын және Оператор алып тастаған қалдықтар массасын (алып тасталған жағдайда) ескере отырып, жаңа есепті қалыптастырады, бұл ретте есеп осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес қаралады.»;
49-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) есептер осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген негіздер бойынша пысықтауға жіберілген кезде алынған ескертулердің жойылмауы;»;
2-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдер жасау тәртібі (мүлік меншік иелерінің бірлестіктері немесе пәтер меншік иелерінің кооперативтері немесе басқарушы компаниялар үшін)»;
мынадай мазмұндағы 53-1, 53-2, 53-3, 53-4, 53-5, 53-6, 53-7, 53-8, 53-9, 53-10, 53-11, 53-12, 53-13, 53-14, 53-15, 53-16, 53-17, 53-18, 53-19, 53-20, 53-21, 53-22, 53-23, 53-24, 53-25-тармақтармен толықтырылсын:
«53-1. Көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектілеріне және (немесе) қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кондоминиум объектісін басқару субъектілеріне төлем алушы мәртебесін алу үшін мыналар қажет:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) мен азаматтық әрекет қабілеттілігі (жеке кәсіпкер үшін) болуы және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы;
2) банкроттық, тарату және (немесе) қаржы-шаруашылық қызметін тоқтата тұру рәсімінде болмауы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде болуы;
4) меншігінде кемінде:
қалдықтарды бөлек жинауға арналған 2 (екі) бірлік контейнердің және (немесе) Кодекске, № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрыққа және № 55 бұйрыққа сәйкес арнайы жабдықталған қалдықтарды уақытша жинап қоюдың 1 (бір) бірлік орнының (алаң, қойма, қойма орны, база) болуы;
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес берілген, қолданыстағы тексеру туралы сертификаты бар 1 (бір) бірлік таразы жабдығының болуы.
53-2. Қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және тасымалдауды жүзеге асыратын көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі мыналарды пайдаланбайды:
1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін Кодекстің 386-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсілмен орындайтын кәсіпкерлік субъектілеріне меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды құқықта тиесілі қалдықтарды жинау және уақытша жинап қою орындарын (алаң, қойма, қойма орны, контейнер, фандомат), техниканы, жабдықтарды, қойма және өндірістік үйжайларды, базаларды және басқа да объектілерді;
2) ақпараттық жүйеде осы Қағидалардың 19, 61 және 92-тармақтарына сәйкес құжаттары расталған кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген қалдықтарды жинау (стационарлық қабылдау пункті, фандомат) және уақытша жинап қою (алаң, қойма, қойма орны, контейнер) орындарын, таразы жабдығын қоспағанда, техниканы, жабдықтарды, қойма және өндірістік үйжайларды, базаларды және басқа да өндірістік объектілерді;
3) тексеру туралы сертификатының қолданылу мерзімі өткен таразы жабдығын;
4) Кодекстің 367-бабының және № 508 бұйрықтың талаптарына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі шеңберінде пайдаланылатын контейнерлерді (коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған сыйымдылықтарды).
53-3. 1-ақпараттық жүйеде тіркелу кезінде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектілері мынадай құжаттарды (көшірмелерді) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімді, кәсіпкерлік субъектісінің паспортын және сауалнаманы (қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын) толтырады:
1) мемлекеттік тіркеу туралы:
заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама талоны;
2) Кодекстің 337-бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілгені туралы мәліметтер;
3) Кодекстің, № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрықтың және № 55 бұйрықтың нормаларына сәйкес келетін, аталған объектілерге меншік құқығын және (немесе) өзге де заңды құқықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ басқа да объектілерге (контейнерлерге және басқаларға) (бар болса) құжаттарды қоса бере отырып, мекенжайы, координаттары (бар болса) көрсетілген уақытша жинап қою орындарының (алаң, қойма, қойма орны, база), стационарлық қабылдау пункттерінің тізімі;
4) Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес берілген, қолданыстағы тексеру туралы сертификаты бар таразы жабдығына меншік құқығын және (немесе) өзге де заңды пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
5) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес, 1-ақпараттық жүйеде тіркелу үшін көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары дауыс беруінің оң нәтижелерін растайтын құжат.
53-4. Оператор құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мыналарға:
1) осы Қағидалардың 53-3-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетінің болуына;
2) өтінімнің осы Қағидаларға сәйкес дұрыс толтырылуына;
3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларға сәйкестігіне;
4) өтінімде көрсетілген мәліметтердің қоса берілген құжаттардағы мәліметтерге сәйкестігіне;
5) қоса берілген құжаттардың анық оқылуына қарауды жүзеге асырады.
53-5. Операторға өтінімнің келіп түскен күні – кәсіпкерлік субъектісінің 1-ақпараттық жүйедегі өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы қол қойған күні. Өтінімге ағымдағы күннің сағат 15:00-ден кейін қол қойылған жағдайда, мерзімді есептеу келесі жұмыс күнінен басталады.
53-6. Оператордың 1-ақпараттық жүйеде өтінімді қабылдамауы үшін мыналар негіз болып табылады:
ақпараттық жүйеде оператордың өтінімді қабылдамауы үшін негіздер 1:
1) осы Қағидалардың 53-1 тармағына сәйкес келмеуі;
2) Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасының болмауы;
3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өтінімді дұрыс толтырмауы:
4) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
5) өтінімде көрсетілген мәліметтердің қоса берілген құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі;
6) өтінімдегі және (немесе) 1-ақпараттық жүйедегі құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі.
53-7. 1-ақпараттық жүйеде ұсынылған құжаттардың сәйкестігі мақұлданған жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша қосылу туралы өтініш қалыптастырылады, оны кәсіпкерлік субъектісі ЭЦҚ арқылы толтырады және қол қояды
53-8. Үлгілік шарт көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі 1-ақпараттық жүйеде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша қосылу туралы өтінішке қол қойғаннан кейін жасалды деп есептеледі.
Үлгілік шарт жасалғаннан кейін, көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы мәртебесіне ие болады. Үлгілік шарттың қолданылу кезеңінде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы төлемдерді алу шеңберіндегі барлық іс-әрекеттерді осы Қағидалар мен Түсіндірмелерге сәйкес тек қана 1-ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.
53-9. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарынан, қалдықтарды сұрыптау кешендерінен (объектілерінен) және (немесе) Кодекстің 367-бабына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі шеңберінде орнатылған контейнерлерден қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдер жүзеге асырылмайды.
53-10. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы қалдықтарды жинау, сұрыптау өлшеміне қарай оларды қайта пайдалануға дайындауға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға өткізу үшін 1-ақпараттық жүйеде қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату үшін төлемдерді алушымен Түсіндірмелерде көзделген, белгіленген нысанға сәйкес қалдықтарды жеткізу шартын кейіннен жасасу үшін қалдықтардың 1 (бір) тоннасы үшін бағасын көрсете отырып, жиналған және сұрыпталған қалдықтарды сату туралы хабарландыру орналастырады. Хабарландырудың қолданылу мерзімі 1-ақпараттық жүйеде орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн.
Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін қалдықтар өткізілмесе, хабарландыру 1-ақпараттық жүйенің архивіне ауыстырылады. Қалдықтарға хабарландыру тек қана олар қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушыда бар болған жағдайда орналастырылады.
Қажет болған жағдайда, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату үшін төлемдерді алушымен Түсіндірмелерде көзделген, белгіленген нысанға сәйкес қалдықтарды жеткізу шарты жасалғанға дейін хабарландыру кері қайтарып алынады және түзетіледі.
«53-11. Қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату үшін төлемдерді алушылар хабарландыруға қалдықтарды көрсетілген бағамен сатып алуға келісімімен пікір қалдырады немесе өз бағасын ұсынады, сондай-ақ қалдықтарды жеткізу мекенжайын көрсетеді.
Баға келісілгеннен кейін 1-ақпараттық жүйеде жинау, сұрыптау, тасымалдау үшін төлемдерді алушы мен қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату үшін төлемдерді алушы арасында Түсіндірмелерде көзделген, белгіленген нысанға сәйкес тараптардың ЭЦҚ арқылы қол қоюы жолымен қалдықтарды жеткізу шарты жасалады.
53-12. Қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату үшін төлемдерді алушымен Түсіндірмелерде көзделген, белгіленген нысанға сәйкес қалдықтарды жеткізу шартына қол қойылғаннан кейін, қалдықтар Түсіндірмелерге сәйкес жинау және (немесе) уақытша жинақтау орындарынан қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі өндірістік объектілерге тасымалданады.
53-13. Жиналған, тасымалданған және өткізілген қалдықтарды есепке алу қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату үшін төлемдерді алушымен қабылдау-беру актісіне қол қою жолымен жүзеге асырылады.
53-14. Қалдықтарды тасымалдау және тасымалдаушыны тіркеу тәртібі осы Қағидалардың 36 - 41-тармақтарында және Түсіндірмелерде көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
53-15. Осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген процедуралар жүргізілгеннен кейін, қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау үшін төлемдерді алушы мен қайта пайдалануға дайындауға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға төлемдерді алушы арасында 1-ақпараттық жүйеде Түсіндірмелерде көзделген, белгіленген нысанға сәйкес қабылдау-беру актісі ресімделеді және оған тараптар ЭЦҚ арқылы қол қояды.
Екі тарап қол қойған қабылдау-беру актісінде көрсетілген қалдықтардың массасы қайта пайдалануға дайындауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға берілген қалдықтардың массасы болып табылады және ол тиеу мен түсіру кезіндегі өлшеп-тарту актілерінде көрсетілген қалдықтардың массасынан аспауға тиіс.
Бұл ретте, Оператор қалдықтарды қайта пайдалануға дайындауға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға төлемдерді алушыға дейін тасымалдау кезінде көлік құралының техникалық паспортында көрсетілген көлік құралының рұқсат етілген максималды массасынан асып кетуін анықтаған жағдайда, мұндай қалдықтардың массасы қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есептен алып тасталуға жатады.
53-16. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы Оператордан төлемдерді алу үшін, әрбір ай өткеннен кейін 1 (бір) рет, келесі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін 1-ақпараттық жүйеде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша, қалдықтарды өткізуді растайтын электрондық шот-фактураларды, сондай-ақ қалдықтар теміржол көлігімен тасымалданған жағдайда теміржол көлігімен тасымалдауды растайтын теміржол жүкқұжаттарын қоса бере отырып, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату үшін әрбір төлемдерді алушыға бөлек өткізілген қалдықтардың көлеміне (массасына) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есептерді қалыптастырады. Бұл ретте, қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есептерде көрсетілген қалдықтардың массасы осы Қағидалардың 53-15-тармағына сәйкес 1-ақпараттық жүйеде қол қойылған қабылдау-беру актілерінде көрсетілген қалдықтардың массасынан қалыптастырылады.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Оператор есепті кезең үшін қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қабылдауға және қарауға тиіс емес.
53-17. Оператор қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы әрбір есепті төлемдерді алушы оған 1-ақпараттық жүйеде қол қойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырады.
Бұл ретте, Оператордың қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы әрбір есепті растауы және олар бойынша төлемдер есепті кезеңде қалдықтар өткізілген төлемдерді алушының қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есебін Оператор қарап, растағаннан кейін жүзеге асырылады.
53-18. 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарау кезінде Оператор мынадай жағдайларда оны пысықтауға жібереді, оның ішінде есепте көрсетілген қалдықтардың жалпы массасынан жиналған, тасымалданған және қайта өңдеуге берілген қалдықтардың массасын алып тастайды:
1) қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушыға дейін тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі тәртіп бөлігінде Қағидаларда және (немесе) Түсіндірмелерде көзделген нормалар орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған кезде;
2) осы Қағидалардың 53-1-тармағына сәйкес нормаларға сәйкес келмеу кезеңінде жиналған қалдықтар туралы мәліметтер көрсетілген кезде;
3) осы Қағидалардың 53-16-тармағында көзделген құжаттар болмаған және (немесе) олар бұрыс ұсынылған кезде;
4) қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушыға дейін тасымалдау кезінде көлік құралының техникалық паспортында көрсетілген көлік құралының рұқсат етілген максималды массасынан асып кеткен кезде;
5) қалдықтарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген қалдықтардың массасы туралы мәліметтер қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушыға өткізілген қалдықтарға арналған электрондық шот-фактурада, сондай-ақ қалдықтар теміржол көлігімен тасымалданған жағдайда теміржол көлігімен тасымалдауды растайтын теміржол жүкқұжатында көрсетілген мәліметтермен алшақтаған кезде;
6) осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген талаптар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде;
7) осы Қағидалардың және Түсіндірмелердің нормалары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған кезде.
53-19. Осы Қағидаларда және Түсіндірмелерде көзделген нормалар сақтала отырып жиналған, тасымалданған және қайта өңдеуге берілген қалдықтардың көлемі расталуға жатады.
Бұл ретте, тиеу және (немесе) түсіру кезіндегі өлшеп-тарту актілерінде көрсетілген қалдықтардың массасы туралы мәліметтер қалдықтарды қабылдау-беру актісімен алшақтаған жағдайда, осы массалардың ең азы есепке алынуға жатады.
53-20. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы Оператор 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Оператор алып тастаған қалдықтардың массасын ескере отырып жаңа есепті қалыптастырады, бұл ретте есеп осы Қағидалардың 53-17-тармағына сәйкес қаралады.
53-21. Оператор мынадай жағдайларда қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті растаудан бас тартады (бас тартады):
1) осы Қағидалар мен Түсіндірмелердің нормалары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған, оның ішінде есептер осы Қағидалардың 53-18-тармағында көзделген негіздер бойынша пысықтауға жіберілгеннен кейін;
2) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы қалдықтарды өткізген төлемдерді алушының қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есебін Оператор растамаған жағдайларда.
53-22. Оператор 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті растаған кезде, Оператор қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп расталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлемдерді жүзеге асырады.
53-23. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы Оператор мен төлемдерді алушы арасында жасалған үлгілік шарттың бүкіл қолданылу мерзімі бойы осы Қағидалардың 53-1-тармағында көзделген нормаларға сәйкес келуі қажет.
53-24. Оператор осы Қағидалардың 53-1-тармағында көзделген нормаларға сәйкес келмеушілікті анықтаған жағдайда, Оператор сәйкессіздік анықталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушыға 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде сәйкессіздікті жою қажеттілігі туралы хабарлайды. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін төлемдерді алушы нормаларға сәйкестігін растамаса, Оператор үлгілік шартты біржақты тәртіппен бұзады.
Бұл ретте, қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушының осы Қағидалардың 53-1-тармағында көзделген нормаларға сәйкес келмеу кезеңінде жиналған қалдықтарының массасы 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепте көрсетілетін қалдықтардың массасына қосылмайды.
Осы Қағидалардың 53-1-тармағында көзделген нормаларға сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін, қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы 1-ақпараттық жүйеде осы Қағидаларда белгіленген нормаларға сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мәліметтерді өзгертуге өтінім береді.
Мәліметтерді өзгертуге арналған өтінімді Оператор осы Қағидалардың 53-25-тармағында көзделген талаптарға сәйкес растайды немесе қабылдамай тастайды.
53-25. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы паспортта немесе сауалнамада көрсетілген мәліметтерде өзгерістер туындаған кезде, олар туындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжаттарды қоса бере отырып, 1-ақпараттық жүйеде мәліметтерді өзгертуге өтінім береді. Бұл ретте алдыңғы мәліметтер архивтік болып сақталады және олар өзекті болған кезеңге қолданылады.
Мәліметтерді өзгертуге арналған өтінімді Оператор 1-ақпараттық жүйеде мәліметтерді өзгертуге өтінім келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде растайды немесе қабылдамай тастады.
Туындаған өзгерістер төлемдерді алушының осы Қағидалардың 53-1-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмеуіне әкеп соқтырған жағдайда, Оператор Қағидалардың осы тармағында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.
Егер Оператор қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушыға төлемдер алушының осы Қағидалардың 53-1-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмеу кезеңінде жүзеге асырылғанын анықтаса, Оператор мұндай төлемдер сомасын талап етеді.
Оператордың бұрын төленген сомаларды талап етуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Оператор қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушының осы Қағидалардың 53-1-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмеушілігі анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде 1-ақпараттық жүйеде орналастырады, сондай-ақ электрондық құжат айналымы және (немесе) электрондық пошта, сондай-ақ тіркелу кезінде көрсетілген мессенджерлер (интернет арқылы тіркелген пайдаланушылар арасында мәтіндік хабарламалармен, файлдармен және медиамен лезде алмасуға арналған бағдарлама) арқылы қайтарылуға тиіс соманы көрсете отырып, ақшалай қаражатты талап ету туралы хабарлама жібереді;
2) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлем алушы 10 (он) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде операторға тиісті хабарламаны алған күннен бастап талап етілетін соманы төлейді.
54-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті органы бекіткен, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметке арналған, дайын өнімді алу үшін көзделген бүкіл технологиялық процесс бойынша мәліметтер, оның ішінде: қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату, сондай-ақ қосымша компоненттерді қосу, ілеспе қалдықтар, қоқыс-қоспалар, ылғалдылық, технологиялық шығындар деңгейі және аралық дайын өнімнің шығуынан бастап дайын өнімге дейінгі есептеулер көрсетілетін технологиялық регламентінің болуы;»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері 1-ақпараттық жүйеде тіркелген кезде осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімді, кәсіпкерлік субъектісінің паспортын және сауалнаманы (қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын) мынадай құжаттарды (көшірмелерді):
1) мемлекеттік тіркеу туралы:
заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның, мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалдың (өкiлдiктiң) туралы анықтама;
жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама талоны;
2) Кодекстің 336 және 336 сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсаттары мен хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімінде болуы және (немесе) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясының болуы туралы мәліметтер;
3) технологиялық регламентке сәйкес қалдықтарды қайта пайдалануға дайындауға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға арналған жабдықтардың тізімі (негізгі құралдарды түгендеу тізімдемесі, өндірістік объектінің сыртқы және ішкі фотосуреттері), оған меншік құқығын және (немесе) өзге де заңды құқықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып;»;
4) Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес берілген қолданыстағы салыстырып тексеру туралы сертификаты бар таразы жабдығына меншік құқығы және (немесе) өзге де заңды пайдалану туралы растайтын құжаттарды;
5) бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті органы бекіткен, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметке арналған, дайын өнімді алу үшін көзделген бүкіл технологиялық процесс бойынша мәліметтер, оның ішінде: қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату, сондай-ақ қосымша компоненттерді қосу, ілеспе қалдықтар, қоқыс-қоспалар, ылғалдылық, технологиялық шығындар деңгейі және аралық дайын өнімнің шығуынан бастап дайын өнімге дейінгі есептеулер көрсетілетін технологиялық регламент, мыналарды қоса бере отырып:
қалдықтарды қайта пайдалану, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын өндірістік объектіні пайдалануға беру туралы құжаттарды;
жобалық құжаттамаларымен бірге қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның және (немесе) уәкілетті органнан белгіленетін қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындының әсер етуіне қолданыстағы экологиялық рұқсат және (немесе) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны;
6) қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде өндірілетін өнімнің талаптары мен сипаттамаларын белгілейтін стандарттау жөніндегі құжат (ұлттық стандарт, ұйым стандарты) қоса бере отырып толтырады.
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушы есептен шығарылған қалдықтар туралы деректерді қайта пайдалануға дайындауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға және дайын өнім мен ілеспе қалдықтардың 1-ақпараттық жүйеде шығуы туралы деректерді мынадай тәртіппен толтырады:
1) қалдықтарды есепке алу, қайта пайдалану, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату мақсатында есептен шығару бойынша операция жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, 1-ақпараттық жүйеде оларды есепке алу арқылы рәсімдейді. Сонымен қатар, тауарлық-материалдық қорларды есептен шығару актісін рәсімдейді. Бұл акт № 562 бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес рәсімделеді және есептен шығарылған қалдықтар мен технологиялық процесте қолданылған қосымша компоненттер туралы мәліметтерді қамтиды (егер технологиялық процесс қосымша компоненттерді пайдалануды көздесе);
2) қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату нәтижесінде алынған дайын өнім, пайдалы компоненттер мен ілеспе қалдықтар (болған жағдайда) шыққан күні 1-ақпараттық жүйеде № 562 бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша қорларды кіріске алу ордерін ресімдейді.
Бұл ретте, ілеспе қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жауапкершілігін қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушы көтереді.»;
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушы ай сайын келесі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша 1-ақпараттық жүйеден тыс қабылданған қалдықтарды қабылдау және қайта өңдеу жөніндегі мәліметтерді көрсете отырып:
1) қалдықтарды қайта пайдалану, сұрыптау және тасымалдау бойынша төлемдерді алушы мен қайта өңдеу төлемдерін алушы арасында қалдықтарды сатып алуды растайтын электрондық шот-фактураларды.
Электрондық шот-фактуралардың саны 100 (жүз) бірліктен асқан жағдайда, оның және қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдерді алушы арасындағы 100 (жүз) электрондық шот-фактура және қосымша Түсіндірмелерде көзделген талаптарға сәйкес бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған, тоннамен, Excel форматындағы электрондық бухгалтерлік есеп базасынан түсірілім ұсынылады.
2) дайын өнімді өткізуді растайтын электрондық шот-фактураларды;
3) Стандарттау туралы Заңы талаптарына сәйкес дайын өнімнің стандарттау құжатына сәйкестігін растайтын және осы Қағидалардың 56-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылатын сәйкестік құжаттарын (сынақ хаттамасы, сапа паспорты немесе бекітілген өзге де құжаттар) (бар болса);
«4) қалдықтар, оның ішінде ілеспе қалдықтар, дайын өнім және пайдалы компоненттер (болған жағдайда) бөлігіндегі материалдық мәлімдеме;»;
5) шығарылатын дайын өнім данамен немесе басқа өлшем бірліктерімен өлшенетін және оның нақты салмағын анықтау мүмкіндігі жоқ болса, дайын өнімнің массасын анықтауға мүмкіндік беретін есептеу деректері ұсынылады.
Егер электрондық шот-фактуралар саны 100 (жүз) бірліктен асқан жағдайда, сатылған дайын өнімге 100 (жүз) электрондық шот-фактуралар ұсынылады және Түсіндірмелерде көзделген талаптарға сәйкес бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған, бухгалтерлік есептің электрондық базасынан тоннамен, Excel форматындағы жүктелген құжат қоса беріледі.
Қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп қалдықтарды қайта өңдеу кезінде қосылған қосымша компоненттердің массасы көрсетіле отырып, тек есепті кезеңде өткізілген дайын өнімнің массасына беріледі. Төленуге өткізілген дайын өнімді шығару кезінде пайдаланылған, қайта өңдеуге есептен шығарылған қалдықтардың массасы жатады.
Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындық нәтижесінде алынған дайын өнім 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде, жинағаны, сұрыптағаны және тасымалдағаны үшін және қайта пайдалануға дайындағаны, өңдегені, қайта өңдегені, залалсыздандырғаны (немесе) қалдықтарды кәдеге жарату үшін төлемдерді алушылар арасында өткізуге жатады.
Осы Қағидалардың аталған тармағында белгіленген мерзім бұзылған жағдайда, Оператор қайта пайдалану, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлем алушыға төлем жүргізбейді. Сонымен қатар, көрсетілген көлемдегі сатылған дайын өнім қайта пайдалану, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату бойынша қызметті жүзеге асыру туралы есепке енгізіледі, бірақ Оператор тарапынан қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша төлем алушыға тиесілі төлемдерден басқа төлем жүргізілмейді.»;
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Осы Қағидалардың 76-тармағына сәйкес өткен есепті кезеңдерде қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнім өткізілген кезде, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы қосымша есеп қалыптастырылады және тиісті есепті кезеңде тек өткізілген дайын өнімнің тиісті массасына ғана беріледі.
Бұл ретте, қосымша есеп осы Қағидалардың 76, 77, 78, 79 және 80-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес қаралады.»;
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарау кезінде Оператордың төлеуіне жататын соманы есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
B = mb * C, мұндағы:
В – төлемдер мөлшері;
mb – өткізілген дайын өнімді шығару кезінде пайдаланылған, қайта өңдеуге есептен шығарылған қалдықтардың тоннамен өлшенген массасы;
С – қаптама қалдықтарын қайта өңдегені үшін төлемдер ставкасы.»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Оператор қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушы 1-ақпараттық жүйеде оған қол қойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп есепті кезеңде 1 (бір) рет беріледі.
1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарау кезінде Оператор мынадай жағдайларда оны пысықтауға, оның ішінде қабылданған және (немесе) қайта өңделген қалдықтардың массасын, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған және есепте көрсетілген дайын өнім мен өткізілген дайын өнімнің massasyn қалдықтардың жалпы массасынан алып тастай отырып жібереді:
1) Оператор осы Қағидалардың 46, 53-18-тармақтарына сәйкес қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есептен қалдықтардың массасын алып тастағанда және (немесе) осы Қағидалардың 49 және 53-21-тармақтарына сәйкес қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп расталмағанда;
Осы Қағидалардың 79-тармақтарына 1) тармақшасында көрсетілген қалдықтардың массасы қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есептен алып тасталуға жатады.
2) осы Қағидалардың 83-тармағына сәйкес нормаларға сәйкес келмеу кезеңінде кіріске алынған, есептен шығарылған және қайта өңделген қалдықтар туралы мәліметтер көрсетілгенде;
3) осы Қағидалардың 76-тармағында көзделген құжаттар болмағанда
4) 1-ақпараттық жүйеде толтырылған мәліметтер мен есепке қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер арасында алшақтықтар болғанда;
5) есепте мәлімделген мәліметтер мен осы Қағидалардың 123-тармағына сәйкес қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушының өндірістік объектілеріне мониторинг шеңберінде жүзеге асырылған хронометраж нәтижелері бойынша белгіленген мәліметтер арасында алшақтықтар болғанда;
6) қайта өңдеуге қосымша компоненттерді есептен шығаруды (егер технологиялық процесс қосымша компоненттерді пайдалануды көздесе), қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған ілеспе қалдықтарды кіріске алуды (болған жағдайда) растайтын құжаттар болмағанда;
7) есепте мәлімделген мәліметтер мен осы Қағидалардың 56-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ұсынылған қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметке арналған технологиялық регламентте көрсетілген мәліметтер арасында алшақтықтар болғанда;
8) осы Қағидалардың, жасалған шарттың талаптары орындалмағанда және (немесе) тиісінше орындалмағанда.
Қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушы Оператор 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Оператор алып тастаған қалдықтардың массасын ескере отырып жаңа есеп қалыптастырады, бұл ретте есеп осы Қағидалар тармағында көзделген мерзімдерде қаралады.
Оператор мынадай жағдайларда қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарауды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады:
қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушының мекенжайына тиісті ақпаратты сұратуды жүзеге асыру кезінде;
уәкілетті органға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушының қызметіне қатысты ақпаратты сұратуды жүзеге асыру кезінде;
қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі өндірістік объектілерге бара отырып, қызмет пен өндірістік процестерге мониторинг жүргізу кезінде.»;
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Оператор мынадай жағдайларда, соның ішінде Оператор есепті пысықтауға жібергеннен кейін де, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті растамайды (бас тартады):
1) осы Қағидалардың, жасалған шарттың талаптарын орындамау және немесе тиісінше орындамау;
2) осы Қағидалардың 79-тармағында көзделген негіздер бойынша есептерді пысықтауға жіберу кезінде алынған ескертулер жойылмағанда;
3) осы Қағидалардың, жасалған шарттың талаптары орындалмағанда және (немесе) тиісінше орындалмағанда.
Қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп расталған жағдайда, Оператор төлемдерді осы есеп расталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Паспортта немесе сауалнамада көрсетілген мәліметтерде өзгерістер туындаған кезде қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдерді алушы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олар пайда болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей мәліметтерді өзгертуге 1-ақпараттық жүйеде өтінім береді. Бұл ретте алдыңғы мәліметтер архивтік дерек ретінде сақталады және олар өзекті болған кезеңге қолданылады.
Мәліметтерді өзгертуге өтінім Оператор тарапынан 1-ақпараттық жүйеде, мәліметтерді өзгертуге өтінім түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мақұлданады немесе қабылданбайды.
Бұл ретте, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындауға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға арналған жабдықтар, өндірістік объектілердің орналасқан жері және оларды қосу бөлігінде мәліметтер өзгерген кезде (орналасқан жерін нақты өзгертпей, көше атауының және (немесе) нөмірленуінің өзгеруін қоспағанда), Оператор өтінімде көрсетілген мәліметтерді растау, сондай-ақ шешім қабылдау мақсатында қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі төлемдерді алушымен бейнеконференция байланысын ұйымдастырады.
Егер енгізілген өзгерістер төлемдерді алушының осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген талаптарға сәйкес еместігін анықтаса, Оператор осы тармақтың ережелеріне сәйкес тиісті шараларды жүзеге асырады.
Егер Оператор қайта пайдалану үшін дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату бойынша төлемдерді алушыға төлемдер осы Қағидалардың 54-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кезеңде жүргізілгенін анықтаса, Оператор осындай төлем сомаларын талап етеді.
85-тармақтың 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) қалдықтарды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлар және (немесе) аумақтар – қалдықтарды түсіру және өлшеу процестері (кезеңдері) бейнекамералардың шолуына міндетті түрде түсетіндей кемінде 2 (екі) бейнекамера;»;
85-тармақтың 4-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-3) дайын өнімді алу үшін қажетті процестер, соның ішінде: қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау және (немесе) өңдеу және (немесе) қайта өңдеу және (немесе) залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату және дайын өнімнің шығуы жүзеге асырылатын үй-жайлар және (немесе) аумақтар – технологиялық регламентке сәйкес барлық процестер бейнекамералардың шолуына міндетті түрде түсетіндей кемінде 2 (екі) бейнекамера.
Бейнежазбаларды жедел қолжетімділікте сақтау мерзімі кемінде 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн.
Операторға бейнебақылау жүйесіне жедел қашықтан қолжетімділікті қамтамасыз етпей, бейнежазбаларды ақпараттың машиналық тасымалдағыштарында, бұлтты қоймаларға қолжетімділік беру арқылы не кез келген техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы Оператордың бақылауына ұсынуға жол берілмейді.»;
85-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) дайын өнімді алу үшін көзделген бүкіл технологиялық процесс бойынша мәліметтер, соның ішінде: қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату, сондай-ақ қосымша компоненттерді қосу, ілеспе қалдықтар, қоқыс деңгейі, ылғалдылық, технологиялық шығындар деңгейі және аралық өнімнің шығуынан бастап дайын өнімге дейінгі есептеулер көрсетілетін, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметке кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысы (уәкілетті тұлғасы) немесе уәкілетті органы бекіткен технологиялық регламентінің болуы;»;
87-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) меншік құқығын және (немесе) оған өзге де заңды құқықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, технологиялық регламентке сәйкес қалдықтарды қайта пайдалануға дайындауға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға арналған жабдықтардың тізімі (негізгі құралдардың түгендеу тізімдемесі, өндірістік объектінің сыртқы және ішкі фотосуреттері);»;
87-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) дайын өнімді алу үшін көзделген бүкіл технологиялық процесс бойынша мәліметтер, соның ішінде: қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату, сондай-ақ қосымша компоненттерді қосу, ілеспе қалдықтар, қоқыс деңгейі, ылғалдылық, технологиялық шығындар деңгейі және аралық өнімнің шығуынан бастап дайын өнімге дейінгі есептеулер көрсетілетін, қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметке кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысы (уәкілетті тұлғасы) немесе уәкілетті органы бекіткен технологиялық регламент, оған мыналар қоса беріледі:
қалдықтарды қайта пайдалану, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын өндірістік объектіні пайдалануға беру туралы құжаттар;
жобалық құжаттамасы қоса берілген уәкілетті органның қолданыстағы әсер етуге экологиялық рұқсаты және (немесе) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациясы және (немесе) белгіленіп отырған қызметтің әсерлерін скрининг нәтижелері туралы қорытындысы;»;
88-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өтінімде көрсетілген мәліметтердің қоса берілген құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келуі.»;
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«101. Төлемдерді алушы қалдықтарды жинау туралы мәліметтерді 1 ақпараттық жүйесінде осы Қағидалар мен Түсіндірмелердің нормаларына сәйкес, ЭЦҚ-мен қол қойылатын әрбір операция үшін қораптардың кіріс ордерін № 562 Бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес ресімдей отырып, көлік парағын жазып бере отырып, қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі операция жасалған кезден бастап күн ішінде толық цикл бойынша көрсетеді:
1) 1 ақпараттық жүйесінде тіркелген қалдықтарды түзушілерден.
1 ақпараттық жүйесінде тіркелген қалдықтарды түзушілерден жинау кезінде толық цикл бойынша төлемдерді алушы 1 ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасында мынадай құжаттарды ұсына отырып, автомобиль көлігін және тасымалдаушыны тіркейді:
«С» және (немесе) «СЕ» санатындағы және (немесе) «С1» кіші санатындағы және (немесе) «С1Е» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігі;
қалдықтарды тасымалдауға қатысатын жүк көлік құралын, соның ішінде тіркеме мен (немесе) жартылай тіркемені (бар болса) тіркеу туралы куәлік;
Кодекстің 337-бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілгені туралы мәліметтер;
жүргізушінің қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің хабарламасын қабылдау туралы талон алған кәсіпкерлік субъектісімен еңбек немесе азаматтық-құқықтық қатынастарын растайтын құжат;
жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды растайтын қолданыстағы құжаттар.
1 ақпараттық жүйесінде тасымалдаушыны тіркеу кезінде мәліметтер бұрыс толтырылған немесе құжаттар болмаған жағдайда, Оператор тасымалдаушының 1 ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өзгертуге арналған өтінімі бойынша мұндай мәліметтерді түзетеді және құжаттарды қоса тіркейді.»;
2) үлгілік шарт жасасуға өтінім беру кезінде толық цикл бойынша төлем алушының сауалнамалық деректерінде көрсетілген қалдық түзушілерден жинау орындарынан (стационарлық қабылдау пункттері және (немесе) шамдарға арналған контейнерлер), оның ішінде сауалнамалық деректерге енгізілетін өзгерістер ЭЦҚ арқылы расталады.
Бұл ретте жинау орындары (стационарлық қабылдау пункттері және (немесе) шамдарға арналған контейнерлер) елді мекендердің аумағында орналастырылады және қалдық түзуші – жеке тұлғаларды қызмет көрсетуге арналған.
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«102. Бас базада қалдықтар қабылданған жағдайда, қалдықтарды қабылдау жүзеге асырылған кезден бастап күн ішінде 1 ақпараттық жүйесінде № 562 Бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес тек қорлардың кіріс ордері ресімделеді және көлік парағын жазбай-ақ, оған толық цикл бойынша төлемдерді алушы қол қояды.»;
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«106. Қалдықтарды қабылдау негізгі базаға қабылдаудан басқа жағдайларда, толық цикл бойынша төлем алушы тарапынан келесі:
1) 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды беруге арналған өтінім бойынша шығу кезінде қалдық түзушіге 1-ақпараттық жүйесінде Түсіндірмелерге сәйкес көлік парағы жазылады;
2) жиналған қалдықтар салыстырып тексерілген таразы жабдығында өлшенеді;
3) өлшеу нәтижелері бойынша 1-ақпараттық жүйеде №562 бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес қорлардың кіріс ордері толтырылады;
4) қорлардың кіріс ордеріне 1-ақпараттық жүйеде ЭЦҚ арқылы қол қойылады.
Бұл ретте Оператор қалдықтарды жинау және тасымалдау кезінде көлік құралының техникалық паспортында көрсетілген көлік құралының рұқсат етілген ең жоғары массасының асып кетуін анықтаған жағдайда, мұндай қалдықтардың массасы қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есептен алып тастауға жатады.
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«108. Толық цикл бойынша төлем алушы Оператордан төлем алу үшін әрбір есептік тоқсан аяқталғаннан кейін 1 (бір) рет, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-шы (жиырмасыншы) күніне дейін 1-ақпараттық жүйеде жинау, сұрыптау, өңдеу, тасымалдау, қайта пайдалану үшін дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату бойынша қызметті жүзеге асыру туралы есепті қалыптастырады, бұл есеп іске асырылған дайын өнімнің массасына қатысты, сондай-ақ 1-ақпараттық жүйе шеңберінен тыс тәртіппен тіркелген қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша мәліметтерді көрсетіп, осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалады, оған мыналар:
1) электрондық шот-фактуралар бойынша:
қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған және өткізілген дайын өнімге (дайын өнімнің атауы мен массасын көрсете отырып), электрондық және электрлік жабдықтардың барлық түрлерінен басқа.
Егер дайын өнім данамен (дана) немесе массаны анықтауға мүмкіндік бермейтін өзге өлшем бірліктерімен есептелсе, оның массасын анықтауға мүмкіндік беретін тиісті есептеу ұсынылуы қажет;
қайта өңдеу нәтижесінде алынған және әрі қарай өндірісте (өнім өндіруде), кез келген мақсаттағы материалдар мен заттар ретінде пайдалануға жарамды өткізілген пайдалы құрамдас бөліктерге, шикізатқа және (немесе) материалдарға (атауы мен массасын көрсете отырып);
(қалдықтардың атауы мен массасын көрсете отырып) барлық түрдегі электрондық және электрлік жабдықтарды, шамдарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған, әрі қарай қайта пайдалану үшін дайындауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға жатпайтын төлем алушының технологиялық регламентіне сәйкес пайдалануға немесе өткізуге жарамсыз қалдықтарды жою;
2) осы Қағидалардың 87-тармағы 8) тармақшасында көзделген дайын өнімнің стандарттау құжатына сәйкестігін растайтын құжаттар Стандарттау туралы Заңның талаптарына сәйкес белгіленген сынақ хаттамасы және (немесе) сапа паспорты немесе басқа да ұқсас құжат), ол ұсынылады (бар болса);
3) барлық түрдегі электрондық және электрлік жабдықтарды, шамдарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған ілеспе қалдықтар мен (немесе) пайдалы компоненттерді кәдеге жарату актісі (атауы мен массасы көрсетіле отырып).
Егер тиісті мамандандырылған ұйымдар тартылса, мынадай құжаттар қоса беріледі:
қалдықтарды кәдеге жарату қызметтерін көрсету туралы шарт;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті қызмет түріне арналған жұмыс жүргізу және қызмет көрсету лицензиясы (атауы мен массасын көрсете отырып);
4) қалдықтарға, соның ішінде ілеспе қалдықтарға, дайын өнім мен пайдалы құрамдас бөліктерге қатысты материалдық тізім (атауы мен массасын көрсете отырып) сканерленген түрде қоса беріледі.
Электрондық шот-фактуралардың саны 100 (жүз) бірліктен асып кеткен жағдайда, онда 100 (жүз) электрондық шот-фактура және қосымша бухгалтерлік есептің электрондық базасынан Excel форматындағы, тонналап көрсетілген, бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған мәліметтер жүктеліп ұсынылады, бұл Түсіндірмелерде көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, тасымалдау, қайта пайдалану үшін дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп тек есепті кезеңде іске асырылған дайын өнімнің массасына қатысты ұсынылады, сонымен қатар қайта өңдеу барысында қосылған қосымша құрамдас бөліктердің массасы көрсетіледі.
Электрондық және электрлік жабдықтардың, шамдардың барлық түрлерін қоспағанда, өткізілген дайын өнімді шығару кезінде пайдаланылған, қайта өңдеуге есептен шығарылған қалдықтардың массасы төленуге жатады.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін, есепті кезеңге арналған қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, тасымалдау, қайта пайдалану үшін дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп Оператордың қарауына жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы 108-1-тармақпен толықтырылсын:
«108-1. Өткен есепті кезеңдерде қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімді өткізу кезінде осы Қағидалардың 108-тармағына сәйкес қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы қосымша есеп қалыптастырылады және тиісті есепті кезеңде тек қана өткізілген дайын өнімнің тиісті массасына ұсынылады.
Бұл ретте қосымша есеп осы Қағидалардың 108, 109, 110, 111, 112, 113 және 115-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес қаралады.»;
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«109. Электрондық және электрлік жабдықтардың, шамдардың барлық түрлерін қоспағанда, қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарау кезінде Оператордың төлеуге жататын соманы есептеуі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
B = mc * C,
мұнда:
В – төлемдер мөлшері;
mc – өткізілген дайын өнімді шығару кезінде пайдаланылған, қайта өңдеуге есептен шығарылған қалдықтардың тоннамен өлшенген массасы;
С – қалдықтарды жинағаны және қайта өңдегені үшін төлемдер ставкасы.»;
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«112. Оператор қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, тасымалдау, қайта пайдалану үшін дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті толық цикл бойынша төлем алушыдан есепті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.
«Оператор мынадай жағдайларда қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарауды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады:
қалдықтарды қайта пайдалануға дайындағаны, өңдегені, қайта өңдегені, залалсыздандырғаны және (немесе) кәдеге жаратқаны үшін төлемдерді алушының мекенжайына тиісті ақпаратты сұратуды жүзеге асыру кезінде;
уәкілетті органға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға төлемдерді алушының қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметіне қатысты ақпаратты сұратуды жүзеге асыру кезінде;
қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі өндірістік объектілерге барып, қызмет пен өндірістік процестерге мониторинг жүргізу кезінде.»;
113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«113. 1 ақпараттық жүйесінде қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті қарау кезінде Оператор мынадай жағдайларда оны пысықтауға жібереді, соның ішінде жиналған, тасымалданған және қайта өңделген қалдықтардың массасын есепте көрсетілген қалдықтардың жалпы массасынан алып тастайды:
1) қалдықтарды жинау кезіндегі тасымалдау тәртібін жүзеге асыруға қатысты Қағидалар мен Түсіндірмелерде көзделген талаптардың орындалмауы және (немесе) тиісінше орындалмауы;
2) осы Қағидалардың 85-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін кезеңде жиналған, тасымалданған, кіріске алынған, есептен шығарылған және қайта өңделген қалдықтар туралы деректердің есепте көрсетілуі;
«3) осы Қағидалардың 101, 102, 103, 104, 106, 107 және 108-тармақтарында көзделген нормалар орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда;
4) 1-ақпараттық жүйеде толтырылған деректер мен есепке қоса берілген құжаттардағы деректер арасында сәйкессіздіктің болуы;
5) осы Қағидалардың 123-тармағына сәйкес толық цикл бойынша төлем алушының өндірістік объектілеріне мониторинг жүргізу шеңберінде орындалған хронометраж нәтижелері мен есепте көрсетілген деректер арасында айырмашылықтардың болуы.
Толық цикл бойынша төлемдерді алушы Оператор 1-ақпараттық жүйеде қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынған ескертулерді жоюды ескере отырып қалыптастырады, бұл ретте осы Қағиданың 112-тармағына сәйкес есеп қайта қаралады.
6) қайта өңдеуге қосымша компоненттердің есептен шығарылғанын (егер технологиялық процесс қосымша компоненттерді пайдалануды көздесе), қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған ілеспе қалдықтардың кіріске алынғанын (бар болса) растайтын мәліметтер ұсынылмаған жағдайда;
7) есепте мәлімделген мәліметтер мен осы Қағидалардың 87-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ұсынылған толық цикл бойынша қызметке арналған технологиялық регламентте көрсетілген мәліметтер арасында алшақтықтар болған жағдайда;
8) осы Қағидалардың және жасалған шарттың талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда.»;
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
114. Оператор кіріске алынған қалдықтардың массасын растау мақсатында, толық цикл кәсіпорны осы Қағидалардың 85-тармағында көзделген талаптарға сәйкес Операторға бейнебақылау жазбаларына тұрақты қашықтықтан қолжетімділік берген кезде, есепті тоқсанның әрбір айының, әрбір онкүндігіндегі белгілі бір қорлардың кіріс ордері бойынша қалдықтарды қабылдау күніндегі қалдықтарды түсіру және өлшеу процестерін көрсететін 1 (бір) бейнежазбаны қарастырады. Бейнежазбалармен расталатын қорлардың кіріс ордерлерінің тізбесі Оператордың интранет-порталында орналастырылған кездейсоқ сандар тізбегін генерациялайтын бағдарлама (рандомайзер) арқылы кездейсоқ таңдау жолымен айқындалады.»;
Есепті тоқсан ішінде Оператор 9 (тоғыз) кіріс қойма ордерін растау үшін кемінде 9 (тоғыз) видеожазбаны қарайды.
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«115. Оператор мынадай жағдайларда, соның ішінде Оператор есепті пысықтауға жібергеннен кейін қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есепті растаудан бас тартады (қабылдамайды):
1) осы Қағидалардың нормалары мен жасалған шарттың талаптары орындалмағанда және (немесе) тиісінше орындалмағанда;
2) 1 ақпараттық жүйесінде толтырылған мәліметтер мен осы Қағидалардың 114-тармағына сәйкес қаралған бейнежазбалар арасында алшақтықтар болғанда;
3) осы Қағидалардың 113-тармағында көзделген негіздер бойынша есептер пысықтауға жіберілген кезде алынған ескертулер жойылмағанда.»;
118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«118. Оператор осы Қағидалардың 85-тармағында көзделген нормаларға сәйкессіздікті анықтаған жағдайда, Оператор сәйкессіздік анықталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде төлем алушының толық цикл бойынша сәйкессіздігін жою қажеттігі туралы 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде хабарлайды. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін төлем алушы нормаларға сәйкестігін растамаса, Оператор үлгілік шартты біржақты тәртіппен бұзады. 1-ақпараттық жүйеде қайта тіркеу және үлгілік шартты жасасу осы Қағидаларда көзделген негіздерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте 1-ақпараттық жүйеде толық цикл бойынша төлемдерді алушы осы Қағидалардың 85-тармағында көзделген нормаларға сәйкес келмеген кезеңдегі қайта өңделген және (немесе) кәдеге жаратылған қалдықтардың массасы ақпараттық жүйеде толық цикл бойынша қызметті жүзеге асыру туралы есепте көрсетілген қалдықтардың массасына енгізілмейді.
Толық цикл бойынша төлемдерді алушы осы Қағидалардың 85-тармағында көзделген нормаларға сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін 1 ақпараттық жүйесінде осы Қағидаларда белгіленген нормаларға сәйкестігі туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, мәліметтерді өзгертуге өтінім береді.
Мәліметтерді өзгертуге арналған өтінімді 1-ақпараттық жүйе арқылы Оператор тарапынан осы Қағидалардың 119-тармағында көзделген талаптарға сәйкес расталады, немесе қабылданбайды.»;
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«119. Толық цикл бойынша төлемдерді алушы паспортта немесе сауалнамада көрсетілген мәліметтерде өзгерістер туындаған кезде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олар туындаған күннен бастап 1-ақпараттық жүйеде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей мәліметтерді өзгертуге өтінім береді. Бұл ретте алдыңғы мәліметтер архивтік дерек ретінде сақталады және олар өзекті болған кезеңге қолданылады.
Оператор тарапынан 1-ақпараттық жүйеде мәліметтерді өзгертуге келіп түскен күннен бастап өтінімді 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мақұлданады немесе қабылданбайды.
Бұл ретте, қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және қайта пайдалануға дайындауға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға арналған жабдықтар (таразы жабдығын қоспағанда), өндірістік объектілердің орналасқан жері бөлігінде мәліметтер өзгерген және олар қосылған кезде (көше атауының, нөмірленуінің нақты орналасқан жері өзгеріссіз өзгеруін қоспағанда), Оператор өтінімде көрсетілген мәліметтерді растау, сондай-ақ шешім қабылдау мақсатында толық цикл бойынша төлемдерді алушымен бейнеконференция байланысын ұйымдастырады.
Егер енгізілген өзгерістер нәтижесінде төлем алушы осы Қағидалардың 85-тармақта көзделген талаптарға сәйкес келмейтін болса, Оператор осы Қағидалардың 119 және 120-тармақтарға сәйкес тиісті шараларды қабылдайды.
Оператор осы Қағидалардың 85-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кезеңде төлем алушыға төлем жүргізілгенін анықтаған жағдайда, төленген соманы қайтаруды талап етеді.»;
121-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мынадай негіздер бойынша алдын ала хабарламамен:
төлемдерді алушыларға қатысты жеке және заңды тұлғалардан фото-, бейнетіркеме қоса берілген негізді шағымдар, өтініштер, сондай-ақ мемлекеттік органдардан өтініштер түскен кезде;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан ресми тапсырма түскен кезде;
осы Қағидаларда және үлгілік шарттарда көзделген талаптар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде.»;
122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«122. Егер өндірістік объектіге барған кезде объект жұмыс істемесе, бұл ретте Операторға жоспарлы немесе жоспардан тыс жөндеу, профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы осы Қағидалардың 124-тармағына сәйкес хабарланбаған, ал қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, өңдеу, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату туралы деректерді осы күндері төлем алушы 1-ақпараттық жүйеде толтырған болса, онда үлгілік шарттар осындай төлем алушылармен 12 (он екі) айға, оның ішінде аффилиирленген жеке және заңды тұлғалармен жоғарыда аталған мерзім өткенге дейін жасасу құқығынсыз бұзылуға жатады.
Егер төлем алушы ақпараттық жүйеде 1 ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасы арқылы өтінімдер бойынша білім алушылардан қалдықтарды жинау жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ жинау орындарынан (стационарлық қабылдау пункттері және (немесе) контейнерлер және (немесе) фандоматтар көрсетпесеосы Қағидалардың 19 және 92-тармақтарына сәйкес тіркелген мәліметтерді соңғы көрсеткен сәттен бастап 6 (алты) айдан астам (не үлгілік шарт жасалған күннен бастап мәліметтерді көрсетпеген кезде), онда осындай төлем алушылармен жасалған үлгілік шарттар ол бұзылған күннен бастап 12 (он екі) айға жасасу құқығынсыз бұзылуға жатады.»;
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Оператордың уәкілетті өкілі осы Қағидалардың 121-тармағына сәйкес қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, өңдеу, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі өндірістік объектіге барған кезде өндірушілердің (импорттаушылардың) және дайын өнімнің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын шикізат (өнім (тауар) қалдықтары) қорларының болуын қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің паспорттарында көрсетілген технологиялық процестер мен жабдықтарды көзбен шолып тексеруді жүргізеді.
Өндірістік объектіге бару кезінде, қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату бойынша төлем алушыларға қатысты, осы Қағидалардың 121-тармағына сәйкес Оператордың уәкілетті өкілі Түсіндірмелерде көзделген тәртіппен өндірістік процестердің хронометражын жүзеге асырады.
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Оператордың уәкілетті өкілі осы Қағидалардың 121-тармағына сәйкес қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, өңдеу, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі өндірістік объектіге барған кезде өндірушілердің (импорттаушылардың) және дайын өнімнің кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын шикізат (өнім (тауар) қалдықтары) қорларының болуын қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің паспорттарында көрсетілген технологиялық процестер мен жабдықтарды көзбен шолып тексеруді жүргізеді.
Осы Қағидалардың 121-тармағына сәйкес толық цикл бойынша және қалдықтарды қайта пайдалануға дайындау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі төлемдерді алушылардың өндірістік объектісіне барған кезде Оператордың уәкілетті өкілі Түсіндірмелерде көзделген тәртіппен өндірістік процестердің хронометражын жүзеге асырады.»;
Қағидаларға 2-қосымшаны 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:
1 Қағидаларға 1-қосымша
Өндірушілердің (импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері
Операторының өндірушілердің
(импорттаушылардың) кеңейтілген
міндеттемелері қолданылатын
өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық
қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін
қалдықтарды жинауды, тасымалдауды,
қайтадан пайдалануға дайындауды,
сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді,
залалсыздандыруды және (немесе)
кәдеге жаратуды төлемдер жасау
арқылы ұйымдастыруға
өндірушілерден және
импорттаушылардан
келіп түскен ақшаны оның банктік
шотына жіберу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінің ТӨЛҚҰЖАТЫ
Заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бастапқы мемлекеттік тіркеу күні (құрылған күні) / жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні
Заңды тұлғаның / жеке кәсіпкердің орналасқан жері
Байланыс
Электрондық пошта мекенжайы
Ұялы телефон нөмірі
+7 (__) ___-__-__
Мессенджер қосылған ұялы телефон нөмірі
+7 (__) ___-__-__
Стационарлық телефон нөмірі
(бар болса)
+7 (__) ___-___
Бірінші басшының лауазымы және аты, әкесінің аты, тегі (бар болса)
Өндірістік объектінің атауы және орналасқан жері
Қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және тасымалдауға тартылған жабдықтардың, техниканың, механизмдердің атауы, маркасы, шығарылған жылы, өндірілген ел
Маркасы
Шығарылған жылы
Өндіріс елі
Орналасқан жері
Ең жоғары өнімділік, кг / сағ
Ең жоғары өнімділік, тонна / ай
1. Қайта өңдеу жабдықтары
2. Пресс
…
N.
Көлік құралдары
Жүк көтергіштігі, тонна
1.
…
Еңбек ресурстары туралы деректер, жылдар бойынша
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
Әкімшілік-басқару персоналы
өндірістік қызметкерлер
жылдағы жұмыс күндерінің саны
тәулігіне ауысым саны
ауысым ұзақтығы
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау, жылдар бойынша тоннада
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
ПЭТ(полиэтилентерефталат)
ЖҚП (жоғары қысымды полиэтилен)
)
ТҚП (төмен қысымды полиэтилен
Картон
…
шиналар
Өткізілген қалдықтар күнтізбелік жылдың орташа бағасын теңгемен көрсете отырып, жылдар бойынша тоннамен
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
ПЭТ (полиэтилентерефталат)
ЖҚП (жоғары қысымды полиэтилен)
)
ТҚП (төмен қысымды полиэтилен
картон
…
шиналар
Төленген салықтар туралы мәліметтер, жылдар бойынша тоннамен
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
ҚҚС (қосылған құн салығы)
КТС (корпоративтік табыс салығы)
Әлеуметтік салықтар
Нысан
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінің (мүлік меншік иелерінің бірлестіктері / пәтер меншік иелерінің кооперативтері / басқарушы компаниялар үшін) ПАСПОРТЫ
Заңды тұлғаның толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғын үй кешенінің атауы (бар болса)
Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні (құрылған күні)
Заңды тұлғаның орналасқан жері
Көппәтерлі тұрғын үйдің (тұрғын үй кешенінің) орналасқан жері
Электрондық пошта мекенжайы
Мобильді телефон нөмірі:
+7 (__) ___-__-__
Банктік реквизиттері (банктің атауы, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктің сәйкестендіру коды (БСК)
Бірінші басшының лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қалдықтарды жинауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі үшін жиналатын қалдықтардың түрі
Нысан
Қалдықтарды қайтадан пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінің ТӨЛҚҰЖАТЫ
Заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Бастапқы мемлекеттік тіркеу күні (құрылған күні) / жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні
Заңды тұлғаның / жеке кәсіпкердің орналасқан жері
Байланыс
Электрондық пошта мекенжайы
Ұялы телефон нөмірі
+7 (__) ___-__-__
Мессенджер қосылған ұялы телефон нөмірі
+7 (__) ___-__-__
Стационарлық телефон нөмірі
(бар болса)
+7 (__) ___-___
Бірінші басшының лауазымы және аты, әкесінің аты, тегі (бар болса)
Өндірістік объектінің атауы және орналасқан жері
Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындауға қайта өңдеуге тартылған жабдық, техника, маркасы, шығарылған жылы, өндірген ел
ММаркасы
Шығарылған жылы
Өндіріс елі
Орналасқан жері
Ең жоғары өнімділік, килограмм / сағат
Ең жоғары өнімділік, тонна / ай
Ең жоғары өнімділік, тонна/жыл
1. Қайта өңдеу жабдықтары
2. Пресс
…
N.
Көлік құралдары
Жүк көтергіштігі, тонна
1.
…
Еңбек ресурстары туралы деректер, жылдар бойынша
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
Әкімшілік-басқару персоналы
өндірістік қызметкерлер
жылдағы жұмыс күндерінің саны
тәулігіне ауысым саны
ауысым ұзақтығы
Қалдықтарды қайта өңдеу, жылдар бойынша тоннамен
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
атауы
…
N
Дайын өнімнің шығымы жылдар бойынша тоннамен (дайын өнімнің атауын қалдықтың қайта өңделген түрінен пайызбен, сондай - ақ қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың пайызын, қайта өңдеу кезіндегі шығынды-өндірістік шығынды көрсету)
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
1
…
N
Дайын өнімді жүзеге асыру, жылдар бойынша тоннамен (дайын өнімнің атауын көрсету)
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
1
…
N
Жабдықтың нақты жүктемесі, жылдар бойынша пайызбен
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
N
Электр есептегіштерінің саны*
-дана
Электр энергиясын тұтыну
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
Электр энергиясын тұтыну шығыны, жылына киловат / сағат
Қайта өңделетін қалдықтардың 1 тоннасына жылына электр энергиясының шығыны, киловат / сағат
Дайын өнімнің 1 тоннасына жылына электр энергиясының шығыны, киловат / сағат
Төленген салықтар туралы мәліметтер, жылдар бойынша теңгемен
3 жыл бұрын
2 жыл бұрын
1 жыл бұрын
ҚҚС (қосылған құн салығы)
КТС (корпоративтік табыс салығы)
Әлеуметтік салықтар
* - өндірісте энергия тасымалдаушылардың басқа түрлерін пайдаланған кезде олардың өндіріске жұмсалатын шығыстары (газ, көмір, мұнай өнімдері және тағы басқалар) бойынша деректерді келтіру қажет.
Нысан
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау және (немесе) қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің сауалнамасы
№
Заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
1.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
2.
Уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы (өкілдің өкілеттігін, оның ішінде қаржылық құжаттарға қол қою құқығын растайтын pdf, JPG немесе PNG форматында сканерленген құжатты жүктеу)
3.
Кәсіпкерлік субъектісінің орналасқан жері / тіркеу мекенжайы (толық пошталық мекенжайы)
4.
Банк деректемелері (банктің атауы, (ЖСК) жеке сәйкестендіру коды, (БСК) бизнес сәйкестендіру коды)
5.
Қалдықтарды жинауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі үшін жиналатын қалдықтардың түрі
Қалдықтарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі үшін қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі жабдықтың өндірістік қуатын (тонна/жыл) көрсете отырып, қайта өңделетін қалдықтардың түрі
6.
Негізгі базаның орналасқан жері (негізгі база, жинау орны, уақытша жинау орындарын, қабылдау пункті)
7.
Қалдықтарды жинауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі үшін бекітілген аумақ (картада көрсетілсін)
8.
Таразы жабдығы туралы деректер (таразы жабдығын тексеру туралы сертификаттың түрі, маркасы, нөмірі және тексеру күні, өлшеудің ең жоғары шегі, тексеру туралы сертификаттың қолданылу кезеңі, орналасқан жері, таразы жабдығын тексеру туралы сканерленген қолданыстағы сертификаттың жүктелуімен
9.
Кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс кестесі (аптаның жұмыс күндері мен уақыты)
Қағидаларға 6-қосымшаны 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:
2 Қағидаларға 2-қосымша
Өндірушілердің (импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері
Операторының өндірушілердің
(импорттаушылардың) кеңейтілген
міндеттемелері қолданылатын
өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық
қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін
қалдықтарды жинауды, тасымалдауды,
қайтадан пайдалануға дайындауды,
сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді,
залалсыздандыруды және (немесе)
кәдеге жаратуды төлемдер жасау
арқылы ұйымдастыруға
өндірушілерден және импорттаушылардан
келіп түскен ақшаны оның банктік
шотына жіберу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
20 ___ жылғы «___» ____________ №_______ Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп
Төлем алушының атауы ________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _________________
Банктік деректемелер ______________________
Нөмірі
Қалдықтардың атауы
Өлшем
бірлігі
Алдыңғы есепті кезеңнен қалған жиналған қалдықтардың қалдығы
Есепті кезең
Жиналған қалдықтардың массасы, тонна
Өткізілген қалдықтардың массасы,
тонна
Қайта өңдеушінің атауы
Төлемдер
мөлшері, теңге/тонна
Төлем сомасы, теңге
1
2
3
3.1
4
5
6
7
8
9
Қалдықтардың түрі
тонна
Бір айдағы жиыны
Келесіні:
1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілер мен импорттаушылардан оның банктік шотына түскен ақшаны Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы бағыттау қағидаларының 12-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келдім және сәйкес келемін;
2) Кодекстің талаптарына және № 508 бұйрығына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі шеңберінде полигондарда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асырмайтынымды растаймын.
Басшысы/уәкілетті тұлға
___________________________________________
(қолы) (аты-жөнінің толық жазылуы, лауазымы) Есепті қабылдады __________________________20__ жылдың «__»________________ (қолы) (аты-жөнінің толық жазылуы, лауазымы)
Қағидаларға 7-қосымшаны 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:
3 Қағидаларға 3-қосымша
Өндірушілердің (импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері
Операторының өндірушілердің
(импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері
қолданылатын өнімнің (тауарлардың)
тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан
кейін түзілетін қалдықтарды жинауды,
тасымалдауды, қайтадан
пайдалануға дайындауды, сұрыптауды,
өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды
және (немесе) кәдеге жаратуды
төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға
өндірушілерден және импорттаушылардан
келіп түскен ақшаны оның банктік
шотына жіберу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
20 ___ жылғы «___» ____________ №_______ Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп
Төлем алушының атауы ________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _____________
Банктік деректемелер ______________________
№
Қызмет атауы
Қалдықтардың / дайын өнімнің түрі
Есепті кезең
Қалдықтардың массасы, тонна
Төлемдер өлшемі, теңге/тонна
Төлем сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
7
1
Қалдықтардың келуі
1.1
Алдыңғы есепті кезеңнен қалған қалдықтардың қалдығы
2
Қалдықтарды есептен шығару
2.1
қосымша компоненттер
3
Дайын өнім
3.1
Алдыңғы есепті кезеңнен қалған дайын өнімнің қалдығы
4
Сатылған дайын өнім
5
1-ақпараттық жүйеден тыс қабылданған қалдықтар
6
1-ақпараттық жүйеден тыс қабылданған қайта өңделген қалдықтар
Бір айдағы жиыны
№
Пайдалы компоненттер мен ілеспе қалдықтардың түрлері
Өлшем бірлігі
Массасы, тонна
Берілген және (немесе) өткізілген массасы, тонна
Компанияның атауы
Іске асырылды/берілді
Сомасы, теңге
11
2
3
4
5
6
7
1
Пайдалы компоненттер
тонна
2
Ілеспе қалдықтар
Бір айдағы жиыны
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілер мен импорттаушылардан оның банктік шотына түскен ақшаны Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы бағыттау қағидаларының 54-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келетінімді растаймын.
Ұйым басшысы
___________________________________________________
(қолы) (аты-жөнінің толық жазылуы, лауазымы)
Есепті қабылдады
_______________________________________ 20__ жылдың «__»_______________
(қолы) (аты-жөнінің толық жазылуы, лауазымы)
Қағидаларға 8-қосымшаны 4-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:
4 Қағидаларға 4-қосымша
Өндірушілердің (импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері
Операторының өндірушілердің
(импорттаушылардың) кеңейтілген
міндеттемелері қолданылатын
өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық
қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін
қалдықтарды жинауды, тасымалдауды,
қайтадан пайдалануға дайындауды,
сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді,
залалсыздандыруды және (немесе)
кәдеге жаратуды төлемдер жасау
арқылы ұйымдастыруға
өндірушілерден және импорттаушылардан
келіп түскен ақшаны оның банктік
шотына жіберу қағидаларына
8-қосымша
Нысан
20 ___ жылғы «___» ____________ №_______ Толық цикл бойынша қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу және тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы есеп
Төлем алушының атауы ________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _____________
Банктік деректемелер ______________________
№
Қызмет атауы
Қалдықтардың
/дайын өнімнің түрі
Есепті кезең
Массасы, тонна
Төлемдер
өлшемі, теңге/тонна
Төлем сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
7
1.
Қалдықтардың келуі
х
х
1.1
Алдыңғы есепті кезеңнен қалған жиналған қалдықтардың қалдығы
2.
Қалдықтарды есептен шығару
Х
х
2.1
қосымша компоненттер
3.
Дайын өнім
х
х
3.1
Алдыңғы есепті кезеңнен қалған дайын өнімнің қалдығы
4.
Сатылған дайын өнім
5.
1-ақпараттық жүйеден тыс қабылданған қалдықтар
6.
1-ақпараттық жүйеден тыс қабылданған қайта өңделген қалдықтар
7.
Бір тоқсандағы жиыны
№
Пайдалы компоненттер мен ілеспе қалдықтардың түрлері
Өлшем бірлігі
Массасы, тонна
Берілген және (немесе) өткізілген массасы, тонна
Компанияның атауы
Іске асырылды/берілді
Сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
7
1
пайдалы компоненттер
тонна
2
ілеспе қалдықтар
Бір айдағы жиыны
1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілер мен импорттаушылардан оның банктік шотына түскен ақшаны Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы бағыттау қағидаларының 85-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келдім және сәйкес келемін;
2) Кодекстің талаптарына және № 508 бұйрығына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі шеңберінде полигондарда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асырмайтынымды растаймын.
Ұйым басшысы уәкілі
______________________________________________
(қолы) (аты-жөнінің толық жазылуы, лауазымы)
Есепті қабылдады
___________________________________20__ жылдың «___»____________
(аты-жөнінің толық жазылуы, лауазымы) (қолы)
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі