О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 27 июня 2023 года № 37/3 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Ревизионная комиссия по Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 27 июня 2023 года № 37/3 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Ревизионная комиссия по Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 37/3 «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297/33
- Қабылданған күні
- 21.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.01.2026
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2026 229468_837487.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26P029733M
- ЭКБ идентификаторы
- 229468
- Редакция идентификаторы
- 229468_837487
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 18:58
0 Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 37/3 «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 37/3 «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тексеру комиссиясына кәсіпкерлік субъектілерімен Тексеру комиссиясының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Тексеру комиссиясына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 3-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылған жағдайда Тексеру комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі мәслихатқа тексеру комиссиясының қызметін бағалаудың соңғы екі жылдағы нәтижелерімен қоса, Жоғары аудиторлық палатаның ұсыным хатын береді.».