О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 27 февраля 2023 года № 43/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдела культуры, физической культуры и спорта Майского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 27 февраля 2023 года № 43/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдела культуры, физической культуры и спорта Майского района»
- Атауы (қаз.)
- Май ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 ақпандағы «Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 43/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 117/5
- Қабылданған күні
- 20.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2025 210798_759582.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25PJ01175A
- ЭКБ идентификаторы
- 210798
- Редакция идентификаторы
- 210798_759582
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:18
0 Май ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 ақпандағы «Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 43/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Май ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереже, Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 244/3 «Туризм саласындағы функцияларды беру туралы» қаулысына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2023 жылғы 27 ақпандағы «Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 43/2 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулының қосымшасының 2 тармағының 1 тармақшасы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
1 «1) Май ауданы әкімдігі, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мәдени ойын-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.»
2 2) 20 тармақтың 16 тармақшасы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
16 «16) «Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басқару құзыретіне қатысты мәдениет, дене шынықтыру және спорт салалары және басқа да мәселелер бойынша баяндама, түсіндірме хаттар, ақпараттық-сараптама құжаттары мен анықтамалар дайындайды;»
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің орынбасары О.Н. Темірболатоваға жүктелсін.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.