О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 января 2023 года № 45 «Об утверждении Правил приема на обучение в Академию правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, реализующую образовательные программы послевузовского образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 января 2023 года № 45 «Об утверждении Правил приема на обучение в Академию правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, реализующую образовательные программы послевузовского образования»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 18.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2023 186267_654202.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033437
- ЭКБ идентификаторы
- 186267
- Редакция идентификаторы
- 186267_654202
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:46
0 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына
оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорынң 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31809 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бектілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:
8,9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Бейіндік бағыт бойынша магистратураға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері, қашықтан оқыту бойынша - жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және басқарушылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
9. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар, ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және «заң ғылымдарының магистрі» немесе «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері, сондай-ақ бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген және ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын олар қосымша игерген жағдайда «құқық магистрі» немесе «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі бар адамдар қабылданады.
Бейіндік докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар және магистратураның білім беру бағдарламаларын немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімді меңгерген құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.».