О внесении изменений в решение маслихата Жанакорганского района от 27 июня 2023 года № 50 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жанакорганском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Жанакорганского района от 27 июня 2023 года № 50 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жанакорганском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Жаңақорған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 299
- Қабылданған күні
- 20.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2024 204805_735485.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24LG857311
- ЭКБ идентификаторы
- 204805
- Редакция идентификаторы
- 204805_735485
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:39
0 «Жаңақорған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Жаңақорған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 50 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8440-11 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешім қосымшасының 2, 6 - тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.»;
«6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе «электрондық үкімет» веб-порталға (бұдан әрі – портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.».