Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2023 года № 530 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2024 год»

Бұйрық · № 299 · қабылданған 08.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2023-no-530-2024/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2023 года № 530 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2024 год» Қолданыста Бұйрық ·№ 299 ·08.08.2024
08.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2023 года № 530 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2024 год»

Қолданыста Бұйрық ·№ 299 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2023 года № 530 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2024 год»
Атауы (қаз.)
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
299
Қабылданған күні
08.08.2024
Көрсетілген редакция
08.08.2024 199584_714818.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034913
ЭКБ идентификаторы
199584
Редакция идентификаторы
199584_714818
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:10

0 «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33822 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай:
1) қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 3 033 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 6 450 адам болып белгіленсін.».

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

4 4) жұмыста басшылыққа алу үшін осы бұйрықты облыстар және Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»

Қолданыстағы