О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 27 сентября 2023 года № 5/49 «Об утверждении Правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений населенных пунктов Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 27 сентября 2023 года № 5/49 «Об утверждении Правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений населенных пунктов Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп - баптау және қорғаудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 29/347
- Қабылданған күні
- 17.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2026 I229219_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26M029347M
- ЭКБ идентификаторы
- 229219
- Редакция идентификаторы
- I229219_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 26.08.2026 03:31
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп - баптау және қорғаудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларында:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді;»;
58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады;
59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді;».