Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Мангистауского областного маслихата от 27 сентября 2023 года № 5/49 «Об утверждении Правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений населенных пунктов Мангистауской области»

Ереже · № 15/158 · қабылданған 30.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2023-no-549/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Мангистауского областного маслихата от 27 сентября 2023 года № 5/49 «Об утверждении Правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений населенных пунктов Мангистауской области» Қолданыста Ереже ·№ 15/158 ·30.09.2024
30.09.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Мангистауского областного маслихата от 27 сентября 2023 года № 5/49 «Об утверждении Правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений населенных пунктов Мангистауской области»

Қолданыста Ереже ·№ 15/158 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Мангистауского областного маслихата от 27 сентября 2023 года № 5/49 «Об утверждении Правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений населенных пунктов Мангистауской области»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп - баптау және қорғаудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15/158
Қабылданған күні
30.09.2024
Көрсетілген редакция
30.09.2024 201352_722497.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24M015158M
ЭКБ идентификаторы
201352
Редакция идентификаторы
201352_722497
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:25

0 Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №5/49 «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларында:
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
ағаш діңін ақтау;
бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
шөп шабу, арамшөптерді жою;
жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
ағаш тәжін тәждеу;
ағаштардың тәжін қалыптастыру;
қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;
апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;
тыңайтқыштарды қолдану;
жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы