Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Маслихата города Атырау от 27 сентября 2023 года № 55 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 120 · қабылданған 27.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2023-no-55-ekb-198206/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Маслихата города Атырау от 27 сентября 2023 года № 55 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста Ереже ·№ 120 ·27.06.2024
27.06.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Маслихата города Атырау от 27 сентября 2023 года № 55 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Қолданыста Ереже ·№ 120 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Маслихата города Атырау от 27 сентября 2023 года № 55 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 55 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
120
Қабылданған күні
27.06.2024
Көрсетілген редакция
27.06.2024 198206_707855.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24TA521306
ЭКБ идентификаторы
198206
Редакция идентификаторы
198206_707855
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:49

0 Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 55 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 17 қыркүйектегі № 55 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086-06 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы комиссия-мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Атырау қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;»;
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп – қарау жүргізу үшін Атырау қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылатын арнаулы комиссия;»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қатерлі ісіктер бойынша денсаулық сақтау ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған адамдарға Үлгілік қағиданың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қоса бере отырып, өтініш негізінде жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай бір рет -20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған, қатерлі ісіктермен байланысты аурулары бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне Үлгілік қағиданың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қоса бере отырып, өтініш негізінде жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай бір рет - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
9 тармақтағы «уәкілетті ұйымның» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы