О внесении дополнения в совместные постановление акимата города Рудного от 27 июня 2023 года № 552 и решение Рудненского городского маслихата от 27 июня 2023 года № 38 «Об установлении льгот отдельным категориям граждан города Рудного для проезда на городском общественном транспорте (кроме такси)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в совместные постановление акимата города Рудного от 27 июня 2023 года № 552 и решение Рудненского городского маслихата от 27 июня 2023 года № 38 «Об установлении льгот отдельным категориям граждан города Рудного для проезда на городском общественном транспорте (кроме такси)»
- Атауы (қаз.)
- Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 «Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 460
- Қабылданған күні
- 31.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2024 197381_703960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NB102271
- ЭКБ идентификаторы
- 197381
- Редакция идентификаторы
- 197381_703960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:17
0
Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 «Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 Рудный қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысына және 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 Рудный қалалық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10038 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Рудный қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікті жол жүру белгіленсін:
1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар;
2) 15 пен 18 жас аралығындағы адамдар.».