Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 27 августа 2024 года № 212/26-VIII «Об утверждении Правил формирования архитектурного облика и градостроительного планирования города Астаны»

Ереже · № 461/58-VIII · қабылданған 20.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2024-no-21226-viii-ekb-229290/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 27 августа 2024 года № 212/26-VIII «Об утверждении Правил формирования архитектурного облика и градостроительного планирования города Астаны» Күшіне енбеген 20.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 27 августа 2024 года № 212/26-VIII «Об утверждении Правил формирования архитектурного облика и градостроительного планирования города Астаны»

Күшіне енбеген Ереже № 461/58-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 27 августа 2024 года № 212/26-VIII «Об утверждении Правил формирования архитектурного облика и градостроительного планирования города Астаны»
Атауы (қаз.)
Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII «Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
461/58-VIII
Қабылданған күні
20.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
06.09.2026
Көрсетілген редакция
20.08.2026 I229290_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V26AAZ39678
ЭКБ идентификаторы
229290
Редакция идентификаторы
I229290_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
27.08.2026 03:31
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 06.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII

«Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII «Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1393-01 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Астана қаласы мәслихатының жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Биіктігі 3 қабатқа дейінгі (жер деңгейінің белгісінен шатырдың жотасына дейінгі биіктігі 12 метрден аспайтын) тұрғын немесе қоғамдық ғимараттар арасындағы ең аз арақашықтық инсоляция нормаларына және рұқсат етілетін өртке қарсы арақашықтықтарға сәйкес айқындалады.».
Мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бөлінген жолағы шегінде жол қызметі объектілерін, сыртқы (көрнекі) жарнаманы, полиция бекеттерін, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін, антенналық-діңгекті құрылыстарды және (немесе) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдықтарына арналған тіректерді, автоматтандырылған өлшеу станцияларын және талшықты-оптикалық байланыс желілерін қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар жүргізуге жол берілмейді.
2035 жылға дейін К-1 айналма жолының солтүстік бөлігінде, Өндіріс тас жолының бойында, К-1 айналма жолының солтүстік-шығыс бөлігінде, Алаш тас жолының бойында, айналма жолдың шығыс бөлігінде, «Астана – Қарағанды» автомобиль жолының бойында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен, магистральдық инженерлік желілермен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген объектілердің құрылысына жол берілмейді.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.