О внесении изменений в решение Петропавловского городского маслихата Северо-Казахстанской области от 27 марта 2024 года № 3 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Петропавловске»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Петропавловского городского маслихата Северо-Казахстанской области от 27 марта 2024 года № 3 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Петропавловске»
- Атауы (қаз.)
- «Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/22
- Қабылданған күні
- 28.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2025 209868_764773.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25SA790815
- ЭКБ идентификаторы
- 209868
- Редакция идентификаторы
- 209868_764773
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:49
0 «Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қызмет алушының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі немесе Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Қызмет алушы тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.».