Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 367 «Об утверждении Требований по предупреждению чрезвычайных ситуаций»

Бұйрық · № 137 · қабылданған 31.03.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2025-no-367/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 367 «Об утверждении Требований по предупреждению чрезвычайных ситуаций» Күшіне енбеген 31.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 367 «Об утверждении Требований по предупреждению чрезвычайных ситуаций»

Күшіне енбеген Бұйрық № 137 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 367 «Об утверждении Требований по предупреждению чрезвычайных ситуаций»
Атауы (қаз.)
«Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
137
Қабылданған күні
31.03.2026
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2027
Көрсетілген редакция
31.03.2026 223388_813495.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600038251
ЭКБ идентификаторы
223388
Редакция идентификаторы
223388_813495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
22.08.2026 02:15
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 01.01.2027.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36708 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарна:
4-тармақтың 3) тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Су деңгейлері мен шығыстарын, жауын-шашынның мөлшері мен қарқындылығын, желдің жылдамдығы мен бағытын, ауа мен судың температурасын қоса алғанда, гидрометеорологиялық жағдайдың ағымдағы жай-күйі туралы деректердің жедел берілуін қамтамасыз етеді.
Қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар анықталған кезде ақпарат дереу уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға:
оқиға тіркелген сәттен бастап 15 минуттан кешіктірмей;
цифрлық форматта электрондық поштаны, мамандандырылған платформаларды және дереу жеткізуді қамтамасыз ететін өзге де техникалық құралдарды қоса алғанда, деректерді берудің ресми арналары арқылы;
берілетін ақпараттың уақыттылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ететін жауапты құрылымдық бөлімшені немесе кезекші лауазымды адамды көрсете отырып беріледі;»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ұлттық цифрлық жүйелер мен мамандандырылған порталдарды, оның ішінде ескерту карталарын, гидрометеорологиялық ахуалдың интерактивтік карталарын, климаттық кадастрларды және табиғи апаттар мониторингі, болжау және ескертуге арналған басқа ресурстарды сапалы әрі уақытылы ақпаратпен толтырады;»;
6) уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің цифрлық жүйелері мен порталдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 25 желтоқсанға дейін «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20990 болып тіркелген) (бұдан әрі – Халықты ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары) сәйкес белгіленген нысанда ресімдей отырып, тиісті аумақта азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау жоспарын бекітеді.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Азаматтық қорғау құралымдарына қажеттілікті есептеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді.»;
57-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті орган:»;
60-тармақ 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өз өкілеттігі шеңберінде гидрологиялық қауіп-қатерлерді бағалау үшін қолданылатын климаттық модельдер мен сценарийлерді құруды, дамытуды және жаңартуды, сондай-ақ оларды төтенше жағдайларды болжау мен алдын алудың мемлекеттік цифрлық жүйелеріне біріктіруді үйлестіреді;»;
66-тармақ 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) селге қауіпті аудандарда тұратын халықты қолжетімді және түсінікті цифрлық арналарды пайдалана отырып, ықтимал тәуекелдер, қауіпсіздік қағидалары, эвакуациялау тәртібі, сел ағынына қауіп төнген немесе басталған жағдайда дұрыс іс-қимылдар туралы тұрақты хабар беруді қамтамасыз етеді.»;
88-тармақ 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы биологиялық қатерлерді анықтау, патогенді биологиялық агенттерді табу, мониторинг және зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы ақпаратты уақтылы енгізе отырып, биологиялық қауіпсіздік саласындағы деректерді орталықтандырылған есепке алу мен жедел алмасуға арналған мемлекеттік цифрлық жүйені жүргізуді қамтамасыз етеді;».

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі